Елбасы • 21 Қыркүйек, 2021

Нұрсұлтан Назарбаев Сума Чакрабартимен кездесті

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО басқару жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті. Кездесу барысында пандемия жағдайында әлемдік экономиканы одан әрі дамыту перспективаларына қатысты пікіралмасты, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Сума Чакрабартимен кездесті

Елбасы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы әлемде жаңа дағдарыстың пайда болуына әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

«Қазір пандемиядан туындаған қиын кезеңдер келді. Егер ол осылай жалғаса берсе, онда жаңа дағдарыс болуы мүмкін. Қазірдің өзінде қарыздар дағдарысы бар, инфляция дағдарысы және энергия көздері бағасының төмендеуі болжануда», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Әңгімелесу барысында тараптар өңірдегі экономикалық ахуалдың даму болжамдарын және тәуекелдер мен сын-тегеуріндердің өсуі аясында алдын алу шараларын әзірлеу мәселелерін талқылады.