04 Ақпан, 2014

Жауапкершілік жүктейді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы дәстүрлі Жолдауды талқылап, жарқын өмір сүруіміздің басты құжаты деген шешімге келді. Елбасымыздың алға қойған мақсаттары мен міндеттерін бірауыздан қолдаймыз. Қазақстан – бейбітшіліктің, татулықтың ордасы. Ауыз­бірлік пен ынтымақтың арқасында еліміз күн санап өркендеп келеді. Өркениетті 30 мемле­кет­тің қатарына кіруге арналған мемлекеттік даму бағдарламасын толық орындауға ішкі-сыртқы әлеуе­тіміз жеткілікті. Ең бастысы, «Қазақстан-2050» Стра­те­гиясында белгіленген қағидаттар ұрпақтар сабақ­тас­тығын одан әрі бекітіп, ұлтаралық тұтастықты көз­дің қарашығындай сақтауға жетелейді. Екінші жағынан, өте ауқымды бағдарлама бәрі­мізден барынша күш-жігермен жұмыс істеуді талап етеді. Бір-бірімізбен түсінісе отырып, ортақ Отаны­мыз­дың өсіп-өркендеуіне қызмет етуден асқан абырой болмаса керек. Марал ЖОЛМҰҚАНОВ, төтенше жағдайлар          бөлімінің инженері. Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы.
Соңғы жаңалықтар