Ел Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегацияның Швейцария Конфедерациясына жасаған ресми сапары барысында ірі швейцариялық компаниялардың басшыларымен кездесулер өтіп, Қазақстанда бірқатар әлеуеті жоғары инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері бойынша нақты келіссөздер жүргізілді.

Атап айтқанда, М.Тілеуберді трансұлттық Ammann Group, Stadler Rail (машина жасау), KS Genetics, INOKS Capital (АӨК) және Sandoz (фармацевтика) корпорациялары басшыларының қатысуымен келіссөздер өтті. Осылайша, Ammann Group басшылығымен кездесу аясында, Директорлар кеңесінің төрағасы Йоханн Шнайдер-Амманн және Бас атқарушы директор Ханс-Кристиан Шнайдерге қазақстандық тарап жол техникасы мен құрауыштардың өндірісін оқшаулау арқылы Қазақстандағы қызметті кеңейту мүмкіндігін ұсынды. Sandoz басшылығымен келіссөздер барысында компания Қазақстанда жоғары сапалы медициналық препараттар өндірісін құру мүмкіндігін қарастыру туралы мәлімдеді. INOKS Capital компаниясының басшылығы агроөнеркәсіп саласында қосылған құны бар кешенді тізбек құруға қызығушылық танытты. Биыл компания «Қорғас» АЭА базасында экструдталған жемшөп өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, Алматы облысында жеміс сақтау қоймалары мен жеміс өңдеу цехтарын салу бойынша жаңа жоба пысықталуда.
Сапар барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ тарапынан KS Genetics компаниясының президенті Филиппо Ломбардимен Алматы облысында толық циклді экспортқа бағдарланған инновациялық мал шаруашылығы кешенін құру жобасы бойынша, сондай-ақ Stadler Rail компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Петер Шпулермен швейцариялық бизнеспен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту бойынша екі меморандумға қол қойылды.
Бұдан басқа, қазақстандық тарап, СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының м.а. Ардақ Зебешев және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали Burckhardt Compression, Clariant, Buhler, Polymetrix, Sika, Basel Euro Airport, сондай-ақ Economiesuisse, Swissem JCC, CCIG бизнес-қауымдастықтарымен келіссөздер жүргізді.
Бүкіл әлем бойынша 85 өндірістік алаңы бар Clariant трансұлттық химиялық компаниясына Қазақстан өңірлеріндегі нақты инвестициялық жобалар бойынша ұсыныстар жасалды. Келіссөздер қорытындысы бойынша инвесторлар өнеркәсіптік химикаттарға әлемдік сұраныстың артуын ескере отырып, Қазақстан аумағында өндіріс ашуға қызығушылық білдірілді.
Швейцарияның тамақ, химия және автомобиль өнеркәсібіне арналған жабдықтарды экспорттаушылардың бірі – Buhler компаниясымен келіссөздер барысында Қазақстанның тиісті салалардағы инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды, сондай-ақ инвестицияларды талап ететін жобалар пулы ұсынылды. Компания өз бөлімшелерінің бірі ретінде Жамбыл облысында ПЭТ рециклинг зауытын салу бойынша жобаға қатысуды қарастырып жатыр.
Sika компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка макроөңірлері бойынша басшысы Иво Шедлер Қазақстанның инвестициялық әлеуетін жоғары бағалап, елдегі қызметті кеңейтуге қызығушылығын атап өтті. Қазіргі уақытта компанияның әлем бойынша 200-ге жуық өндірістік алаңы, соның ішінде Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында құрылыс материалдарын өндіру бойынша 3 объектісі бар.
Euroairport Базель халықаралық әуежайының вице-президенті Михаэль Швинн Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін, атап айтқанда тиісті инфрақұрылымдық нысандарды құра отырып, трансконтиненталдық әуе жүктерін тасымалдауды дамыту бойынша зор әлеуетін атап өтіп, ынтымақтастықтың түрлі нұсқасын ұсынды.
Жалпы, Қазақстанның Швейцариядағы елшілігі ұйымдастырған қазақстандық делегациясы келіссөздерінің қорытындысы бойынша швейцариялық бизнес тарапынан Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа деген жоғары қызығушылық байқалды. Осылайша, CCIG Женева сауда-өнеркәсіп палатасының бас директоры Венсан Субилия Швейцария Қазақстан үшін Еуропадағы инвестициялық хаб рөлін атқаратынын атап өтті.
2020 жылдың қорытындысы бойынша Швейцария Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша 3-орын, ал Қазақстанмен екіжақты сауда көлемі бойынша 10-орын алып отыр.
2021 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцарияға ресми сапары күтілуде.
Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 00:18
Қоғам • Бүгін, 00:15
Экономиканың өсуіне нақты сектор үлес қосып отыр
Саясат • Бүгін, 00:12
Аймақтар • Бүгін, 00:11
Аймақтар • Бүгін, 00:10
Өзгермелі әлемдегі ынтымақтастық жолы
Саясат • Бүгін, 00:06
Жетінші съездің арқалаған жүгі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Йеменде жағдай тұрақталып келеді
Әлем • Бүгін, 00:02
Электр энергиясынан бас тарту кімге ұтымды?
Әлем • Бүгін, 00:00
Аштыққа ұшырағандар саны арта түсті
Әлем • Кеше
Аймақтар • Кеше
Энергетикалық тапшылық: Дағдарыс пен мүмкіндік
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Журналистика жампозы Омарғали Құдышев туралы бір үзік сыр
Қазақстан • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
Өсу мен өшудің арасы екі-ақ тармақ
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Абай оқулары: Хакім мұрасының жас зерттеушілері
Абай • Кеше
Жергілікті тұлғалар ескерусіз қала бере ме?
Қоғам • Кеше
Көршілермен байланыс артып келеді
Экономика • Кеше
Өнер • Кеше
Әйелін ұрып өлтірген түркістандық 17 жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
«ҚТЖ» филиалының қызметкерлері дизель отынын ұрлаған
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Елордада бірқатар көше уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Алматыда есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды
Оқиға • Кеше
Қаңтар оқиғасында 238 азамат қайтыс болды - Бас прокуратура
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Ұқсас жаңалықтар