Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2021

Көбелектер көрмесі

664 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тобыл өңіріне тропикалық көбелектердің жылжымалы экспозициясы келді. Климаты ылғалды, ыстық аймақтарды мекендейтін қанаттылардың үйшігі арнайы құрылғымен жабдықталған. Оны инсектариум деп атайды екен. Оның ішінде кәдімгі ет жаятын ағашқа ұқсайтын бамбук таяқшасында жұлдызқұрттар ілініп тұр. Бұл жерде көбелектің қалай пайда болатынын көре аласыз. Мәселен, біздің көз алдымызда бір жұлдызқұрт жыбыр ете қалып, қанатын жайды.

Көбелектер көрмесі

Көрмеде көбелектің біздің елде кездесе қоймайтын 19 түрін тамашалауға болады.

– Мына көбелек аттакус атлас деп аталады. Әлемдегі ең ірі көбелектердің бірі, қа­на­тын жайғанда ұзындығы 24 сантиметрге дейін жетеді. Кө­белектер жаратылысынан аса нәзік. Алай­да эволюциялық даму барысында олар да қор­ға­ну­ды үйрене бастады. Кей­бір көбелектер улы болып келеді, енді біреулері құсша самғайды. Байқадыңыздар ма, аттакус атластың қана­тында жыланның басына ұқ­сайтын қорғаныш белгісі бар. Өкінішке қарай, бұл кө­белектердің өмірі өте қысқа. Аналығы 6 күн, ал ата­лығы 3-ақ күн өмір сүреді. Олар жұл­дызқұрт кезінде жи­наған азық қоры біткенше өмір сүреді. Ал енді мына кө­белекті алтын құсқанат деп атайды. Бұлай аталуының себебі ол ұшқанда көбелекке қарағанда, құсқа көбірек ұқсайды. Жылдам көтеріліп, биікке самғайды. Бұл да қорғанудың бір түрі, – дейді көрме экскурсоводы.

Үндістанда аттакус ат­лас­­ты кәдімгідей қол­да ұс­тап бағады екен. Көбе­лек­ші­лер жәндіктің құртынан мық­­ты түкті жібек мата ала­ды. Мұны өздері фагар жібегі деп атайды. Ал тай­ван­­ьдық­тар кө­белектің кө­лемді піл­лә­сін әмиян ретін­де пайдаланады.

 

Қостанай облысы