Футбол • 22 Қыркүйек, 2021

Бас бапкер 36 ойыншыдан тұратын жаңа тізім жариялады

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан құрамасының бапкерлері қазан айында болатын матчтарды талқылап, дайындық жұмыстарына кірісті, де хабарлайды Egemen.kz.

Бас бапкер 36 ойыншыдан тұратын жаңа тізім жариялады

Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрамалар департаментінің директоры Игорь Авдеев бапкерлер штабын шақырып, арнайы жиналыс өткізді. Онда бас бапкер Талғат Байсуфинов өткен ойындарды саралай келе, алда келе жатқан матчтарға қалай дайындалатынын жеткізді.

Сонымен қатар жиын барысында Талғат Маруаұлының көмекшісі Игорь Свешников футболшылардың қазіргі бабына тоқталды. Жарақат алған ойыншылар мәселесі де көтеріліп, ұлттық құрамаға шақыртылатын жаңа ойыншылардың кадидатурасы талқыға түсті. 

Қақпашылар: Стас Покатилов, Игорь Шацкий, Мұхамеджан Сейсен, Бекхан Шайзада.

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Нұралы Әліп, Темірлан Ерланов, Әлібек Қасым, Сағадат Тұрсынбай, Олжас Керімжанов, Абзал Бейсебеков, Марат Быстров, Еркін Тапалов, Мақсат Тәйкенов, Ян Вороговский, Дмитрий Шомко, Бағдат Қайыров, Михаил Габышев, Нұрлан Дайыров.

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов, Рамазан Оразов, Азат Нұрғалиев, Бақтиер Зайнутдинов, Сұлтанбек Астанов, Бауыржан Байтана.

Шабуылшылар: Артур Шушеначев, Оралхан Өміртаев, Абат Айымбетов, Айдос Тәттібаев, Роман Мұртазаев, Айбар Жақсылықов.

Футболшылар 4 қазан күні елордаға жиналып, оқу-жаттығу жиындарын бастайды.