Әлем • 22 Қыркүйек, 2021

Австралияның оңтүстік бөлігінде 5,9 баллдық жер сілкінісі тіркелді

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәрсенбіде Австралияның оңтүстік бөлігіндегі Мельбурн қаласының маңында 5,9 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Австралияның оңтүстік бөлігінде 5,9 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Виктория штатының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі өзінің Twitter-дегі парақшасында жер сілкінісінің эпицентрі Виктория штатындағы Мансфилд ауылының жанында орналасқанын хабарлады. Бастапқыда жер сілкінісінің күші 6 баллмен бағаланды, бірақ кейінірек ол 5,9 баллға төмендеді.

Австралияның екінші үлкен қаласы – Мельбурнның орталық бизнес ауданында кем дегенде бір ғимарат пен беріліс желілері зардап шекті. Соңғы бірнеше жылда қалада мұндай көлемдегі жер сілкінісі болған жоқ. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат хабарланған жоқ.

Сондай-ақ жер сілкінісінің дүмпуі Оңтүстік Австралияның Аделаида қаласында эпицентрден 800 км қашықтықта, Жаңа Оңтүстік Уэльстің Сиднейінде эпицентрден 900 км қашықтықта сезілді делінген. Виктория мемлекеттік Төтенше жағдайлар қызметі цунами қаупін жоққа шығарды.

Австралия аумағы тектоникалық плитаның ортасында орналасқан, сондықтан үлкен жер сілкіністері өте сирек кездеседі. Geoscience Australia мәліметтері бойынша, 6.6 баллдық ең үлкен жер сілкінісі 1988 жылы Солтүстік территорияда тіркелген.