Коронавирус • 22 Қыркүйек, 2021

Қазақстанға 5 мыңға жуық авиажолаушы келді

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өткен тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар туралы ақпарат таратты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанға 5 мыңға жуық авиажолаушы келді

2021 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Грузия, Пәкістан, Түркия, Египет, Оңтүстік Корея, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 халықаралық әуе рейсі келген.

Өткен тәулікте 4 948 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 20 рейс, 2 517 жолаушы;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 342 жолаушы;

- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 229 жолаушы;

- Ақтау қаласының әуежайына – 5 рейс, 634 жолаушы;

- Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 131 жолаушы;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 11 жолаушы;

 - Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, 8 жолаушы;

- Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 76 жолаушы келді.

Барлық жолаушының COVID-19-ға ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен.