Зеленский Telegram-арнасында Украина азаматтарына арнап видео үндей жариялады. Оның айтуынша, ол Нью-Йоркте жүргенде Сергей Шефирге шабуыл жасалғандығы туралы жаңалықты көрген.
«Шамамен екі сағат бұрын менің бірінші көмекшімнің көлігіне қастандық жасалды. Менің жақын досым және жолдасым Сергей Шефир аман. Өкінішке қарай, оның жүргізушісі жарақат алды. Қазір ол ауруханада жатыр. Тәртіп сақшылары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр», деді Украина басшысы.