Өткен жылы кәсіпқойлар рингінде 4 кездесу өткізіп, соның барлығын да мерзімінен бұрын бітірген қазақстандық Геннадий Головкин биылғы жылды да жеңіспен бастады. Ол ақпанның 2-сіне қараған түні Монаконың Монте-Карло қаласында ганалық Осуману Адамамен қолғап түйістіріп, оны 7 раундта нокаутпен ұтты.
Бұл жолы өзінің WBA және IBO нұсқалары бойынша Әлем чемпионы деген атағын қорғаған Геннадий ұрыстың басынан басымдығын байқатты. Гонг соғылысымен буырқанған бурадай арқырап алға ұмтылған қарағандылық қабылан қарсыласын таптап өте шығатындай болып көрінді. Шынында солай болды. Бірінші раундта-ақ алғашқы нокдаунын алып үлгерген Осуману Адама бұдан кейін біздің бағланға сес танытатындай қарсылық көрсете алмады. Уақыт ұзаған сайын қарқынын үдеткен Гена оны алтыншы раундта тағы бір есеңгіретіп тастады. Осы тұста-ақ Адаманың адымы ұзаққа бара қоймасы аңғарылып қалды. Сол көрінген көкжиек келесі раундта алдымыздан жарқырап шыға келді. Қарсыласын тағы бір ұрып құлатқан Геннадий Головкин техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқойлар рингінде өткізген 29 ұрысын түгел жеңіспен аяқтап шықты. Солардың 26-сы дәл осылай мерзімінен бұрын аяқталды. Біздің бағланның келесі жекпе-жегінің өтетін уақыты болып 26 сәуір белгіленіп отыр. Әзірге оның сол күнгі қарсыласы кім екені белгісіз.
Руслан ИГІЛІК.

Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25