– Тау шаңғысы спортының басты ерекшелігі қандай?
– Бұл спортқа бала кезімнен қызықтым. Ата-анам менің осы ықыласымды байқаған болуы керек, өздері танитын жаттықтырушының қарамағына берді. Сөйтіп, туған қалам Риддерде алғашқы дайындықты бастап кеттім. Негізі, тау шаңғысы спорты бес түрге бөлінеді. Олардың әрқайсысының биіктігі, ұзындығы, жылдамдығы болады. Ал мен алыс шақырымды жүріп өткенді қалаймын. Егер жылдамдықты бағындыра білмесең, кездейсоқ жарақат алуың мүмкін. Сондықтан, әрбір қимылыңды шеберлікпен орындауың керек. Бізде қазір слаломға дайындалудың мүмкіндігі болмай тұр. Алдағы уақытта бұл олқылық ретке келер деген сенімдемін. Өйткені, табиғаты әсем таулы аймақ Алматы қаласы мен Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында осы спорт түрін дамытуға негіз бар.
– Жалпы, биыл Олимпиадаға дайындық қай жерде өткізілді?
– Дайындық 3 кезеңге жоспарланды. Соның алғашқысы Австралияда өткізіліп, онда біз 20 күн дайындалдық. Одан әрі Ыстықкөл аумағы мен Чили тауында дайындалудың сәті түсті. Осының нәтижесінде мен Оңтүстік Америкада өткізілген жарыста жақсы жетістікке қол жеткіздім.
Жалпы айтқанда, біздің Олимпиадаға дайындығымыз жаман емес. Осы тұста қатарымызға қосылған Мартин Хубердің жеке жаттықтырушысы ретіндегі әкесі де біздің тыңғылықты дайындалуымызға бар жағдай жасағанын атап өткім келеді.
– Сочиде тау шаңғысы спортынан кімдердің десі басым болады деп ойлайсыз?
– Жарыс жолында кімнің жолы болатынын нақ қазір дөп басып айту қиын. Алғашқы отыздыққа енудің өзі жақсы жетістік дер едім. Егер мен қателеспесем, тау шаңғысы спортынан Әлем кубогында ешқайсысы отыздыққа ілінген жоқ. Соған қарамастан, Австрия елі өзгелерге қарағанда, көш ілгері келеді. Франция, Швейцария, Италия, Словения мен Хорватия спортшыларының да дайындығы жаман емес.
– Сонда олардың деңгейіне жету үшін не істеуіміз қажет?
– Шындығын айтсам, осы спорт түрін дамыту бойынша біз олардан 15-20 жылдай артта қалдық. Екіншіден, бізді тәжірибесі мол шетел жаттықтырушылары дайындауы қажет. Дегенмен, Сочиде өткізілетін Олимпиадада жоғары жетістікке жету үшін бар күшімізді жұмсаймыз.
Әңгімелескен
Әмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ.
«Егемен Қазақстан».

Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше