Аңшылыққа жаны құмар бабаларымыз қыранның қырағылығына ғана емес, тазының тектілігіне аса мән берген. Жүйрік аттың жанына ертіп жүріп, қаңжығасы майланып, құс қанаты талатын ұлан-ғайыр даланы еркін шолғаны ертегі емес. Жеті қазынаға балап, жолда қалдырмас жолдасындай қадір тұтқаны да әмбеге аян. «Иттің тектісі – тазы» деп тану қазақы қалыпты түсініктен туған тәмсіл. Біздің бүгінгі әңгімеміз де сол туралы.

Алматы облысы Райымбек ауданында тазы өсірумен айналысатын жандардың барын естіп қуанып қалдық. Мұны белгілі журналист Қанат Біржансал хабарласып айтқанда, иесіне қоңырау шалып мақаламызға мазмұн боларын жеткізген едік. Бұл, әсіресе, Медет Азанбаевтай азамат ауыл әкімі болып еңбек ететін Сарыжаз ауылдық округіне тән құбылыс. Таза тұқымды тазы өсірумен, бағумен Қобыланды Дүйсенбек атты азамат айналысып жүр екен. Оның 3 жасар «Ақтабан» атты арлан тазысы бар. Түлкі, борсық алған. «Лашын» атты қаншық тазысы сондайлық қырағы әрі ізкесер. Қобыланды 8 жасынан бастап тазы өсіруге құмартыпты.
«Қазақ қасқыр алатын ит іздейді. Сол үшін әртүрлі әрекетке барып, небір қанды араластырады. Өзім осыған қатты наразымын және қарсымын. Тазы – тазы болуы керек, дүрегейі – дүрегей, төбет – төбет болып қалуы керек. Тазының да түр-түрі бар. Жарғақ құлақ тазы, шашақ құлақ тазы дегендей. Шашақ құлақ пен жарғақ құлақты араластырады. Нәтижесінде, «түсініксіз» иттер пайда болады. Одан да сорақысы – төбетті тазыға салу. Меніңше, ата-бабалар ұстаған тазылар салпаң құлақ, шашақ құлақты, құйрығы дөңгелене оюланып, қайырылып тұрады. Құйрығында селдір шашақтары, кейбірінің аяқтарында балақ жүндері болады. Мен сондай иттерді көріп өскенмін. Кейіннен неше түрлі ит пайда бола бастады. Арабтың салюкиіне, қырғыздың тайғанына, ағылшынның грейхаундына қолымыз жетті. Солардың барлығы араласып, түсініксіз тұқым пайда болды. Былай қарасаң тайғанға, былай қарасаң тазыға ұқсайды. Мұның бәрін әкем үйреткен», дейді Қ.Дүйсенбек.
2019 жылы сол кездегі Райымбек ауданының әкімі, марқұм Жолан Омаровтың ұйымдастыруымен атақты Шалкөде жайлауында қымызмұрындық іс-шарасы, малшылардың тойы өтті. Сол тойда ат бәйгесінің арасында тазылар жарысы өтті. Бұрын-соңды көрмеген соң қызық екен. Аңсарымыз ауа тамашалағанбыз. Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 56 тазының арасынан Қобыландының «Ақтабаны» 1-орынды алған болатын.
Сарыжаз ауылында тұратын Жанат Шәденов те тазы өсірумен айналысып келеді. Таза тұқымды сары тазысы – жеңімпаз. Жанат көк күшікті сонау Қарағандыдан әкелген екен. Жалпы, қасқыр алатын тұқым. Жанат та жастайынан тазы құмар болып өсіпті.
Райымбек ауданында жалпы жетпіске тарта таза тұқымды тазы бар екен. Әр ауылда ит жүгіртетін азаматтар бар. Нарынқол ауылынан Ғани, Текестен Саяныш, Қайнардан Жантелі, Тегістіктен Тимур атты азаматтардың есімдерін жеке-жеке түстеп айтуға да болады. Сарыжаз ауылында Қобыланды Дүйсенбек, Жанат Шәденов, Болат Қонысбай, Ғалым Тұрсынбай секілді тазы баптайтын жандар өз ішінде додалар ұйымдастырып тұрады. Жалпы, олардың басты мақсаты – таза тұқымды тазыларды жоғалтып алмау. Бұл – жақсы ниет. Жақсы құбылыс. Ары да жалғаса береді деген ойдамыз.
Иә, ит те ежелден халқымыздың малына қорған, жанына жұбаныш әрі серік болып келеді. Иттің жақсы қасиеттерін жоққа шығаруға болмайды. Алайда қазақ халқы ұшқыр тазымен аң аулап, жағдайын жақсартып отырған. Қыран құс, ұшқыр тазы, жүйрік ат – қазақтың шынайы жолдасы, бар ниетін, ықылас-пейілін аудара айналысқан дүниелері болды. Әлі де болып келеді. Алайда таза қанды тазымен айналысатындар аз. Соның әсерінен таза тұқымды ұшқыр тазылардың саны азайып кетті. Сондықтан осындай азаматтарға қолдау көрсетуіміз керек.
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар