Министр Каспий теңізінде көмірсутегі шикізатының ірі қоры бар екенін атап өтті. Осыған байланысты су қоймасының экологиясы мен биологиялық ресурстарын сақтау мәселесі күн тәртібінде тұр.
Қазақстан қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықтың шарттық базасын кеңейту мақсатында бірқатар хаттамаға қол қойды. Солардың бірі - 2018 жылғы 20 шілдедегі Мәскеуде Каспий маңы мемлекеттері қол қойған трансшекаралық контексте қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы хаттама.
Хаттамаға сәйкес мұнай өңдеу зауыттары, жылу қуаты 300 мегаватт немесе одан жоғары жылу электр станциялары мен басқа да жану қондырғылары, атом электр станциялары мен басқа да атом реакторлары, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және басқа да қызмет түрлері реттеуге жатады. Сонымен қатар 1 шілдеде күшіне енген Экологиялық кодексте трансшекаралық экологиялық әсерді реттеу, оларды жүзеге асыру тәртібі, құқықтары мен міндеттері бекітілген. Сондай-ақ, қоршаған ортаға әсерді бағалау хаттамасында және республиканың Экологиялық кодексінің 81-бабының 7-тармағында айқындалған, қатысты тараптардың органдарымен консультацияларды ескере отырып, трансшекаралық контекстте қоршаған ортаға әсерді бағалауды өткізу мерзімі шамамен 6 айды құрайды.
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоғамдық тыңдауда көтерілген мәселелер бойынша түпкілікті шешімді мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен келісе отырып қабылдайды», деді С.Брекешев.