Елорда • 23 Қыркүйек, 2021

Елордадағы егу пункттері жабыла бастады

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтандағы Mega Silk Way сауда орталығында қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакциналауға ұйымдастырылған егу пункті жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордадағы егу пункттері жабыла бастады

Егу пункті мұз айдыны аумағында, бірінші қабатта орналасқан. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мәліметінше, сауда және ойын-сауық орталығында жөндеу жұмыстары аяқталған соң, мұз айдыны қайтадан жұмысын бастайды.

«Қазіргі уақытта қала тұрғындарының 66 пайыздан астамы вакцинаның бірінші компонентін алды. Вакцинация сіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың да денсаулығын қорғайды.

Қазіргі уақытта қала бойынша сауда ортақытары және сауда үйінде 5 вакцинация пункті орналасқан. Олар: «Керуен» СОО, «Хан Шатыр», «Азия Парк», «Абу Даби Плаза» және «Евразия» СОО. Вакцинация пункттері медициналық мекемелерде де орналасқан. Барлығы 84 вакцинация пункті бар. Сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар да жұмыс істейді», делінген хабарламада.

Әлеуметтік желілерде Mega Silk Way сауда және ойын-сауық орталығы өкілдері екпе пунктін кейінірек басқа жерден ашуды жоспарлап отырғаны айтылды. Алайда ашылу күні мен орны әлі белгісіз.

Денсаулық сақтау басқармасын баспасөз қызметінің мәліметінше, Mega Silk Way-де бірінші компонентті салдырған тұрғындар екінші компонентті сауда орталығындағы немесе кез келген ашық екпе пункттерінен ала алады.

«Біз, әрине, тұрғындарға бірінші дозаны қайда алса, екінші дозаны да сол жерден алуға кеңес береміз. Бірақ бұл жағдайда және басқа жағдайда, бұл маңызды емес», деді баспасөз қызметі.