Спорт • 23 Қыркүйек, 2021

Головкин мен Мурата Киотода күш сынасады

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокстан IBF пен IBO нұсқалары бойынша алтын белбеудің иегері Геннадий Головкин және WBA тұжырымының суперчемпионы Риото Мурата ортақ мәмілеге келіп, өзара келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Головкин мен Мурата Киотода күш сынасады

Қос тарап 28 желтоқсанда Жапонияның Киото қаласында күш сынасуды көздеп отыр. Осы жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшы жоғарыда аталған нұсқалардың чемпиондық белбеулердің барлығын иеленді. Жеңілгендері өз атағынан айырылады. 

GGG-нің жүріп өткен жолы барша жанкүйерлер жақсы мәлім. 39 жастағы жерлесіміз 43 кездесудің 41-інде жеңіске жетіп, 36 қарсыласын есінен тандырды. Бір рет ұтылып, бір бәсекеде тең есеп тіркелді. 

в

35 жастағы Жапонияның жұлдызы әуесқойлар арасында да толағай табыстарға қол жеткізген. 2011 жылы әлем чемпионатында күміс алса, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында бас жүлдені олжалады. Содан кейін кәсіпқой рингте күш сынасуға бел буды. Сол кезден бері 18 рет шаршы алаңға көтеріліп, 16 жекпе-жекте басым түсті. 13 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Екі бәсекеде Мурата жеңілістің кермек дәмін татты.