Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2021

Бюджет қаржысын жымқырған шенеуніктер сотталды

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 8 ай ішінде атқарылған жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бюджет қаржысын жымқырған шенеуніктер сотталды

Биыл 8 ай ішінде департамент 46 қылмысты тіркеген. Оның ішінде, сыбайлас жемқорлық деректерінің жүйелі түрі бойынша – 4, кіші және орта бизнес субъектілерінің жұмысына заңсыз араласу бағытында – 2, мемлекеттік бағдарламаларды сүйемелдеу барысында қаражаттарды ұрлау деректері бойынша – 7 негізгі қылмыс тіркелген.

Жамбыл облысы әкімдігі ветиринария басқарамасының Шу аудандық ветиринариялық станциясының басшысы Д.Тилемисов және аталған мекеменің бас есепшісі С.Аукешева жүйелі түрде қылмыс жасау арқылы 62 млн теңгеден астам мемлекет қаржысын талан-таражға салған, яғни олар 7 кәсіпкерлік субъектісінің есеп шоттарына атқарылмаған жұмыстар үшін 62 млн теңгеден астам қаражатты аударған. Сот үкімімен Тилемисов 8 жылға, ал Аукешова 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен сотталды.

Сегіз ай ішінде 36 қылмыстық іс сотқа жолданды. Заңсыз іс-әрекеттері үшін 26 тұлға қылмыстық жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар