Коронавирус • 23 Қыркүйек, 2021

QazVac «үнді штаммын» бейтараптандыруға қабілетті

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

МҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жүргізген зерттеулер QazVac вакцинасының «үнді штаммын» бейтараптандыруға қабілетті көрсетті, деп жазады Egemen.kz.

QazVac «үнді штаммын» бейтараптандыруға қабілетті

Ғалымдар бейтараптандыру реакциясына тест өткізді, нәтижесінде отандық «QazVac» вакцинасымен егілгендерде антидене жоғары деңгей көрсетті. Вирусты бейтараптандыратын антиденелер клиникалық зерттеуге қатысқан еріктілердің 90%-нан астамында анықталды.

Сондай-ақ зертханада жануарларға тәжірибе жүргізілген.

«Біз QazVac вакцинасы құрған антиденелердің «ухань», «британдық альфа», «үнділік дельта» сияқты коронавирустың жаңа штамдарын бейтараптандыру қабілетін анықтау мақсатында зерттеу жүргіздік. Нәтижелер вакцинациядан кейінгі антиденелердің иммунитетті қалыптастыратынын және вирустың үш түрін де бейтараптандыруға қабілетті екенін көрсетті. Сондай-ақ зертханалық жануарларға тәжірибелер жүргіздік: «QazVac» вакцинасын алған және вакцинацияланбаған зертханалық хомяктарды алдық. Біраз уақыттан кейін оларға дельта штаммын жұқтырдық. Нәтижесінде вакцинацияланбаған хомяктар коронавирустың «дельта» штаммын жұқтырды. Ал «QazVac» вакцинасымен егілген жануарлар ауырмады», деп атап өтті ҚР БҒМ ҒК биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья.

«Алынған мәліметтер «QazVac»-тың коронавирустың бар штамдарына қарсы тиімділігін, оның ішінде отандық вакцинаның дельта штаммынан қорғау қабілетін растады», деп жазады БҒМ баспасөз қызметі.