Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2021

«Ақиқат» журналының 100 жылдығына көрме ашылды

1009 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында ҚР Орталық мемлекеттік музейінде «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының 100 жылдығына арналған «Кемел ойдың керуені» атты көрме ашылды, деп жазады Egemen.kz.

«Ақиқат» журналының 100 жылдығына көрме ашылды

Басылым атауы бірнеше рет өзгеріп, «Қазақстан большевигі», «Қазақстан коммунисі» деп аталды.
1991 жылдың қыркүйегінен бастап журнал «Ақиқат» атауымен шығып келеді.

«Журналдың ребрендингі 1991 жылы Қазақстан Тәуелсіздігін алған кезеңмен тұспа-тұс келуі жақсылықтың нышаны білеміз», деп атап өтті басылым қызметкерлері.

«Ақиқат» журналы 2002 жылы Қазақстан Журналистер Академиясының «Алтын жұлдыз», 2008 жылы Журналистер одағының сыйлықтарына ие болды. 2021 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Көрмеге журналдың алғашқы сандары, архивтегі құнды деректер, тарихи жарияланымдардың көшірмелері қойылады.

«Көрме 2021 жылдың 22 қыркүйегінен 6 қазанға дейін жұмыс істейді», деп жазады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

1