Қаржы • 23 Қыркүйек, 2021

Еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізіледі

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов микро және шағын бизнеске жүктемені азайту мақсатында еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізіледі

«Мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында жоғары сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша нақты міндеттерді алға қойды.

«Президенттің инфляцияны белгіленген дәліздерге қайтару тапсырмасын іске асыру мақсатында Үкімет 2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету іс-шаралары кешенін қабылдады», деді ол.

Оның атап өтуінше, аталған жоспар аясында бағалардың өсуін тежеуге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімділігін ұлғайтуға бағытталған жедел және жүйелі сипаттағы 64 іс-шараның іске асырылуы көзделген.

«2022 жылы кәсіпкерлікті дамыту үшін «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын іске асыру жалғасады. Жалпы, қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгені құрайды. Микро және шағын бизнеске жүктемені азайту мақсатында еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізілетін болады. Бұл осы төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібін оңайлатуға, сондай-ақ еңбекақы төлеу қорына түсетін жалпы жүктемені 2023 жылдан бастап 34-тен 25 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», деді Әлихан Смайылов.