Медицина • 23 Қыркүйек, 2021

Компания қызметкерлерінің 90%-ы вакцина салдырды

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Қазақстан Республикасының басшылығына вакциналау науқанын белсенді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Компания қызметкерлерінің 90 пайызынан астамы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды.

Компания қызметкерлерінің 90%-ы вакцина салдырды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наир кәсіпорынның вакциналау көрсеткіші ArcelorMittal компаниялар тобының ең жоғары көрсеткіштернің бірі екенін атап өтті. Компания басшысы қызметкерілеріне вакцина салдыруға келгенде түсіністік танытып, жауапкершілікпен қарағаны үшін алғысын білдірді.

– Вакцина алғандардың 90 пайызы – 32 мыңнан аса қызметкеріміз және мердігер ұйымдардың 4 мыңнан аса жұмыскері. Біз үшін бұл – үлкен жеңіс! – деді ол.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшыларының бәрі ко­ро­­навирус инфекциясына қарсы екпе алды.

ш

Биджу Наир Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақ­стан Республикасының Пре­зи­денті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың, сондай-ақ Премьер-Министр Асқар Мамин басқарған ел Үкіметінің егу науқанын ұйым­дас­тырудағы рөлін ерекше атап өтті.

– Қазақстан – вакциналар қолжетімді, сондай-ақ оларды таңдау мүмкіндігі берілген әлемдегі аздаған елдердің бірі. Оның ішінде отандық вакцина да әзірленді, – деді ол.

Биджу Наир компания қыз­меткерлерінің вакцина қа­был­дауын ұйымдастыруға бел­сен­ді көмектескені үшін Қа­ра­ған­ды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке де алғыс айтты. Егу пункт­тері кәсіпорындар аума­ғын­да ашылып, медицина қыз­меткерлері барлық қажетті жаб­­дықтармен қамтамасыз етіл­ді.

Биджу Наир COVID-19-ға қарсы әлі вакцина алмаған адам­дарды жақын арада егілуге шақырды. Ол вакциналау адам өмірін сақтаудың жалғыз жолы екенін еске салды.