05 Ақпан, 2014

Маңызды жиын

298 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Алматыда «Мемлекеттік қызмет­­тің персоналын басқаруды жетілдірудің басымдықтары» тақырыбында ғылыми-тәжіри­белік семинар өтті. Оған мемле­кеттік органдардың персо­нал­ды басқару қызметтерінің (кадрлық қызметтер­дің) басшылары, Алматы қаласы және Алма­ты облысы бойынша орталық органдар­дың аумақтық бөлімше­лерінің өкілдері, Қа­зақстан Президенті жанындағы Мемле­кет­тік бас­қару академиясының, Халықаралық биз­нес академия­сы­ның, Білім және ғылым ми­нистр­лігінің өкілдері қатысты. Жаңа жағдайларда мемлекеттік қызметтің персоналын басқару жүйесін жетілдіру туралы баяндамамен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметтің персоналын басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары Алма Құлжамбекова сөз сөйледі. Семинар жұмысына, сонымен қатар, шетелдік сарапшы – Қазақ-неміс универси­те­тінің деканы, германиялық профессор Бодо Лохман қатысты. Ол Германияның мемлекеттік қызметтің персоналын басқару бойынша тәжірибесі туралы айтып берді. Семинардың мақсаты «Қазақстан-2050» Стратегиясында қойылған міндеттермен, Қазақстан Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қа­­зақстан халқына Жолдауымен, сонымен қа­тар, Қазақстан Республикасының мемле­­кет­тік қызмет туралы жаңа заңнамасы­мен анық­талды. Президенттің Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында елдің мемлекеттік кадрлық саясатын ары қарай жетілдірудің маңызды бағыттары айқындалды. 2013 жылы ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, селолардың әкімдерін сайлау өтті, олардың қызметтері мен штаттары біршама кеңейіп, өкілеттіліктері өзгерді. Енді орталық мемлекеттік органдардың аудандық, қалалық және аумақтық бөлімшелері деңгейінде бірыңғай кадрлық қызметтер құрылды. Бұдан бұрын аудандық және ауылдық деңгейде 5 мыңдай адам негізгі қызметін «кадршы» міндеттерін орындаумен бірге атқарды. Бүгінгі күні қалаларда және аудандарда кадрлық жұмысты жүйелендіру үшін бірыңғай персоналды басқару қызметтері құрылған, олардың жалпы штаттық саны – 515 адам. Жаңа заңнамамен мемлекеттік қызмет саласында тәлімгерлік, ротация, тағылымдама, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау мен мансабын жоспарлау және басқа да институттар қарастырылған. Семинар секциясының жұмысы барысында тақырыптық мәселелерді талқылау бойынша кіші топтарда жұмыстар жүргізілді. Кіші топтар модераторларының презентация­лары нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар, аудандар және облыстар деңгейінде мемлекеттік қызметтің персоналын басқару­ды жетілдіру бойынша ұсыныстар мен тәжірибелік шаралар дайындалды. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар