Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2021

Өкініштісі, синтетикалық есірткінің негізгі тұтынушылары жастар - Е.Тоғжанов

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының елдегі есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты тапсырмасын орындау жөнінде арнайы кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өкініштісі, синтетикалық есірткінің негізгі тұтынушылары жастар - Е.Тоғжанов

«Есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі бүгінде өте өзекті. Өкінішке орай, жаңа синтетикалық есірткінің негізгі тұтынушылары жастар болып табылады. Тек осы жылдың өзінде елімізде 8,5% өсіммен 5 мың есірткі қылмысы анықталды. Бізге осы құбылыспен күресу үшін жүйелі шаралар қажет», деп атап өтті Е.Тоғжанов.

Құқық қорғау және салалық мемлекеттік органдарға:

  • Телекоммуникациялар желісінде, оның ішінде интернет-боттарды және басқа да автоматты бағдарламаларды пайдалана отырып жасалатын есірткі қылмыстарының жолын кесу тапсырылды;
  • Тиімді мемлекеттік және әлеуметтік бақылауды белгілей отырып, нашақорлықтың бастапқы профилактикасының теңгерімді жүйесін құру;
  • Есірткіге тәуелді адамдарды емдеу әдістерін жетілдіру, аумақтық сот сараптамасы органдарының мемлекеттік есірткі диспансерлерін материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту;
  • Құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсу ошақтарын анықтау тұрғысынан қашықтықтан зондтау жүйелерін пайдалануды кеңейту;
  • Есірткі құралдарын шетелден әкелуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары елдегі есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы жүйелі шаралар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құруды тапсырды.