Әлем • 24 Қыркүйек, 2021

Эльбруста бес альпинист қайтыс болды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 қыркүйек күні кешке Эльбруста көмек сұраған альпинистер тобындағы қаза тапқандар саны бес адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Эльбруста бес альпинист қайтыс болды

РФ ТЖМ Кабардино-Балкария бойынша бас басқармасының бастығы Михаил Надежин мәлім еткендей, 19 адамнан тұратын альпинистер тобы Кабардино-Балкариядағы Эльбрус баурайында 5400 м биіктікте болған. Қатысушылардың жасы 30-дан асады, олар Ресейдің 11 аймағынан келген.

Соңғы мәліметтер бойынша, топтың бес мүшесі қайтыс болды, көптеген альпинистер жарақат алып, қатты аяздан қалтырады. Сегіз адамның жағдайы орташа ауыр. Топтың құтқарылған мүшелері қаза тапқандар жатқан жерді көрсетті. Құтқарушылар келген кезде зардап шеккендер өмір белгілерін көрсетпеді.

«Гара-Баши» станциясында 3 900 метр биіктікте Апаттар медицинасы дәрігерлері өлімді анықтады», деді Надежин.

Надежин іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 14 адамды тауып, төмен жеткізіп, дәрігерлерге тапсырғанын атап өтті. Олардың 11-і Нальчиктегі республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, ал үшеуі ауруханаға жатудан бас тартты. Оның айтуынша, Эльбрустағы іздестіру-құтқару жұмыстары жеті сағаттан астам уақытқа созылды. Іздестіруге барлығы 69 адам мен 16 бірлік техника тартылды.

Еске сала кетсек, жақында Эльбрус баурайында альпинистер ауа-райының қолайсыздығына тап болып, құтқарушылардан көмек сұрады. Оқиға орнына іздестіру-құтқару тобы шықты. Кейінірек құтқарушылар тауда болған 19 адамнан тұратын топтың барлық мүшелерін таба алғаны белгілі болды.

Алдын ала ақпарат бойынша, альпинистер тобын ертіп жүрген гид оларды тастап, төмен қарай кетіп қалды.