«АКИпресс» агенттігінің жазуынша, Қырғыз Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Таалатбек Масадықов пен президент әкімшілігі сыртқы саясат бөлімінің басшысы Жээнбек Кулубаев Кабулға келіп, Ауғанстандағы Ислам Әмірлігінің Сыртқы істер министрі Әмір Хан Муттакимен кездесті.
«Талибан» тарапы кездесу фотоларын жариялады.
«Бүгін түстен кейін Ауғанстан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әмір Хан Муттаки Қырғызстан Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Таалатбек Масадықовпен және Президенттің сыртқы саясат бөлімінің президенті Жээнбек Кулубаевпен кездесті. Кездесу кезінде Муттаки оларды қарсы алып, көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді», деп жазды тәліптер үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Мужахид әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қырғызстан Орталық Азия елдерінен алғаш болып Ауғанстанға жоғары деңгейдегі делегация жіберіп, билікті басып алған «Талибан» үкіметімен кездесу өткізді.