Коронавирус • 24 Қыркүйек, 2021

Елге келген авиажолаушылардан КВИ анықталмады - ДСМ

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 23 қыркүйегінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Елге келген авиажолаушылардан КВИ анықталмады - ДСМ

2021 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Грузия, Монғолия, Түркия, Египет, Оңтүстік Корея, Черногория, Армения, Венгрия, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 39 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 4 841 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 1 940 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 418 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 330 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына - 4 рейс, 360 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 133 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына - 2 рейс, 180 жолаушы;

Қарағанды қаласының әуежайына - 1 рейс, 168 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына - 2 рейс, 312 жолаушы;

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.