Қоғам • 24 Қыркүйек, 2021

Екі миллионға жуық қазақстандық баспанаға мұқтаж

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев қанша қазақстандық баспанаға мұқтаж екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Екі миллионға жуық қазақстандық баспанаға мұқтаж

«Барлық бағдарлама қысқартылып жатыр және, әрине, адамдардың қаржылық жағдайы нашарлай бастады. Мұқтаж адамдардың санаттары әр түрлі - көпбалалы отбасылар, жетім балалар, ауылда тұратындар, қалаларға қоныс аударып, қалада өмір сүргісі және жұмыс істегісі келетіндер бар. Әскери қызметшілер, тәртіп сақшылары да кезекке тұруға құқылы», деді Талғат Ерғалиев ұйым отырысында.

Оның айтуынша, жаңа бағдарламалар қажет.

«Қазақстанда шамамен 2 миллионға жуық адам баспанаға мұқтаж. Жалақыдан жалақыға дейін өмір сүретін адамдардың баспана мәселесін шешу қаржыландыруды қажет етеді. Мысалы, бастапқы жарна көлемі - 5% болса, қалған қарызды 15-20 жыл ішінде төлеуге мүмкіндік берілгені жөн», деп қорытындылады құрылысшылар одағының басшысы.