Ауыл • 24 Қыркүйек, 2021

Бруцеллезге қарсы жаңа вакцина өндіріске енгізілді

617 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ІҚМ бруцеллезіне қарсы жаңа вакцинасы өндіріске енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бруцеллезге қарсы жаңа вакцина өндіріске енгізілді

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Мемлекет басшысының биологиялық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде қауіпті, аса қауіпті және зооантропоздық инфекцияларға қарсы профилактикалық препараттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды белсенді жүргізуде.

Осындай препараттардың бірі құрамында иммунодоминантты бруцеллездік ақуыздары бар, тұмау вирустық векторы негізінде ірі қара малдың бруцеллезіне қарсы бірегей векторлық вакцина болып табылады.

БҚПҒЗИ ғалымдары реттеуші органның өкілдерімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде комиссиялық байқаудан өткізу сынақтарын сәтті өткізді. БҚПҒЗИ ғылыми қызметкерлері 2020-2021 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы «Бай-Нұр» шаруа қожалығында ірі қара малдың бруцеллезіне қарсы жаңа векторлық вакцинаның зиянсыздығы мен иммуногенділігіне тіркеуден кейінгі сынақтар жүргізді.

Үш ай бойы бустерлік вакцинациядан кейін 100 бас вакцинацияланған малдардың төлінде РБС-да бруцеллезге шалдыққан жануарлар анықталған жоқ. Қазіргі уақытта вакцина өндіріске енгізілді. 2021 жылы кең ауқымды қолдану үшін вакцинаның өндірістік сериялары дайындалды.