Экономика • 24 Қыркүйек, 2021

Үкімет шикі мұнай бағасын бекітті

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметі Экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы Қаулыға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет шикі мұнай бағасын бекітті

«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

Қоса беріліп отырған Экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін», деп жазылған құжатта.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.