Экономика • 24 Қыркүйек, 2021

Азық-түлік бағасы бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен – Президент

863 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында биылғы жыл өндіріс, өнімдерді сақтау және өткізу саласында қордаланған проблемалар бар екенін көрсеткенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Азық-түлік бағасы бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен – Президент

Инфляция, әсіресе азық-түлік бағасының құбылуы бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен.

– Шұғыл шаралар, бағаға қойылған бақылау нарықтық экономиканың іргелі қағидаттарын алмастыра алмайтыны белгілі. Жүйелі шаралар керек. Сондықтан ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру аталған жұмыстың маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Көтерме-тарату орталықтары және олардың стандарттау, тауардың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстары өндірушілердің, соның ішінде шағын бизнес өкілдері кооперациясының маңызды элементтерінің бірі болуға тиіс. Бұл ауылда тұрып, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамдар үшін аса маңызды. Бүгінде мұндай кәсіп иелерін экономикалық айналымға тарту жұмыстары мардымсыз жүргізілуде. Сонымен қатар олар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр болып отыр. Көтерме-тарату орталықтарының тағы бір міндеті – «егіс басынан сөреге» дейінгі жолдағы қажетсіз делдалдарды жою. Халық үшін азық-түліктің қолжетімді бағада болуын іс жүзінде ретке келтіру қажет, – деді Президент.