Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2021

Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде қар жауады

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет синоптиктері 25-27 қыркүйек аралығындағы ауа-райын айтып берді. Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде қар жауады

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, бұған екі циклонның - солтүстік-батыс және оңтүстік циклондардың бірігуі ықпал етеді. Жаңбыр жауады, республиканың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбырдың қарға ауысуы мүмкін, жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

«Республиканың батысында ауа температурасы түнде 7-15, күндіз 15-25-тен 10-20-ға дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде 3 аяздан 5-ке,  3-11 жылуға дейін, күндіз 13-23-тен 3-13 жылуға дейін төмендейді. Елдің солтүстігінде және орталығында түнде термометрлер 2-7 аяздан 3-8 жылуға дейін, күндіз 10-20-дан 5-13 жылуға дейін болады деп болжануда. Республиканың шығысында ауа температурасы түнде 5 аяз 5 жылуға, күндіз 7-17 жылу аралығында. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына келсек, түнде 5-15-тен 10-17-ге дейін жылу, күндіз 25-32-ден 18-25-ке дейін жылу төмендейді деп күтілуде», деп хабарлады Қазгидромет.