Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2021

Қазақстан мен АҚШ әскери күштері БҰҰ стандарттарын талқылады

499 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық әскери дәрігерлер америкалық әріптестерімен медициналық логистика саласында тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен АҚШ әскери күштері БҰҰ стандарттарын талқылады

АҚШ-тың қауіпсіздік саласындағы әскери ынтымақтастық кеңсесі ұйымдастырған іс-шара Алматы қаласында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери медицина орталығында өтті.

Іс-шараға Қазақстан Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының және Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталінің өкілдері қатысты.

Америкалық сарапшылар медициналық логистика саласындағы тәжірибелерімен, тактикалық тәсілдер жүйесімен, әдістер мен іс-қимылдармен бөлісті. Әскерлердің қызметін медициналық қамтамасыз етуде БҰҰ стандарттарын қолдануға ерекше назар аударылды.

о