Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2021

Тренажер сымына оралып қалған баланың жағдайы ауыр

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы балалар алаңында тренажер сымына оралып қалған 9 жасар бала тұншығып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тренажер сымына оралып қалған баланың жағдайы ауыр

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 25 қыркүйек күні У.Громова көшесі бойындағы аулалардың бірінде орын алды.

2012 жылы туған бала абайсызда құлап кетіп, темір тренажердің сымына оралып қалған. Бала қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның тұншыққанын хабарлады.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатқан бала ес-түссіз күйде. Жағдайы өте ауыр.