Әлем • 25 Қыркүйек, 2021

БҰҰ Сирияда соғыс кезінде қаза тапқандар санын анықтады

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сириядағы қақтығыс кезінде 2011 жылдың наурызынан 2021 жылдың наурызына дейін 350 мыңнан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ Сирияда соғыс кезінде қаза тапқандар санын анықтады

Бұл деректерді Женевада БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет хабарлады.

Ол БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің сессиясында өзі басқаратын басқарма дайындаған баяндаманы оқыды.

Оның айтуынша, жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша Сириядағы қақтығыс нәтижесінде 2011 жылдың наурызынан 2021 жылдың наурызына дейін 350 209 адам қаза тапқаны анықталды.

Оның ішінде 26 727 әйел мен 27 126 бала қайтыс болды.

Сонымен бірге, жоғарғы комиссар бұл статистика мұқият жүргізілген жұмысқа негізделгенін атап өтті, бірақ жиналған деректерді қақтығыс құрбандарының толық тізімі ретінде қарастыруға болмайды.