Елорда • 25 Қыркүйек, 2021

Елорда маңында атпен серуендеуге арналған жол салынды

580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан маңындағы жасыл белдеу аумағында ат спорты кешенінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Елорда маңында атпен серуендеуге арналған жол салынды

Қала әкімдігінің бастамасымен орман аумағында жалпы ұзындығы 13,2 шақырым болатын атпен жүруге арналған соқпақ жол пайдалануға берілді. Жасыл белдеуде атпен серуендегісі келгендер арнайы орынға келіп, белгілі бір уақыт аралығына жылқыны жалға ала алады.

«Атпен жүруге арналған соқпақта қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз демалысы үшін барлық жағдай қарастырылған. Атап айтсақ, нысан аумағында 5 демалыс аймағы, автотұрақ, модульдік әжетханалар бар. Бейнебақылау камералары да орнатылған. Аттарды күтіп-баптау, келушілерге қызмет көрсету бағытында 15 жаңа жұмыс орны ашылды. Мұнда келушілерге табиғат аясында таза ауада атпен серуендеумен бірге атқа мінуді үйрету қызметі де ұсынылады. Жақында әлеуеттік жоба аясында денсаулығында ақауы бар жандар үшін иппотерапия қызметі іске қосылмақ», дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы Қыдыр Жиенәлі.

а

Айта кетсек, «Туристік маршрут» деп аталатын жаңа нысан орналасқан жасыл белдеу – қала қалқаны. Оның аумағында 12,1 миллионнан астам ағаш пен бұта отырғызылған. 

а