Елорда • 26 Қыркүйек, 2021

Астана марафонына Швециялық азамат қатысты

175 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордадағы EXPO алаңында басталған «Astana Marathon 2021» халықаралық марафонына Швециядан келген азамат қатысуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана марафонына Швециялық азамат қатысты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отырған марафонға 18 жастан асқан екпе алған және ПТР-анықтамасын ұсынған 16 жастан асқан желаяқтар ғана қатыса алады.

Қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл марафоншылар саны қатаң шектелді. Бұл ретте қатысушыларды қабылдау «Ashyq» жүйесі арқылы жүзеге асырылды.

Марафон қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырылуымен өтіп жатыр. «Astana Marathon-2021» аясында екі қашықтық көзделген: 18 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін 42.2 км, ал 16 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін 10 км.

м

«Бұл менің ең алғашқы марафоным, көптен бері қатысуды қалап жүр едім, енді міне осындамын. Мұндай ауқымды шараны ұзақ күттім, рұқсат беріліп, енді міне өтіп жатыр. Мен үшін бұл алғашқы ресми старт. Марафонды 42,2 км қашықтықта толық өткіземін. Бұған шамамен 2 жыл дайындалғанмын. Соңғы 3-4 айда дайындығымды тіптен күшейттім. Өзім жүгіруді жақсы көремін және бәрін салауатты өмір салты мен спортқа шақырамын», деді елорда тұрғыны Оксана.

Өз күшін сынау үшін марафонға өзге елдердің азаматтары да қатысуға ниет білдірді.

«Көптен бері спортпен айналыспай жүрдім. Сондықтан бүгін 10 км ғана жүгірейін деп шештім. Бұл үлкен іс-шара», деп бөлісті Швециядан келген қатысушы Мартин.

аст

Айта кетсек, биылғы марафон «қола» статусына ие. Bronze Label Road Races 2019 жылғы қарашада World Athletics ұйымы тарапынан беріліп, ТМД аумағында Astana Marathon осындай статусқа ие болған алғашқы және жалғыз марафон өткізді. 2018 жылдан бастап Astana Marathon Халықаралық марафондар мен желаяқатар қауымдастығының (AIMS) құрамына кірді, ал 2020 жылдан бастап Abbott World Marathon Majors Wanda Age Group жас ерекшелік топтарында марафоннан әлем чемпионатының біліктілік тобына енді.

м

о