Бұрынғылардың ешбіріне ұқсамаған бұл сурет беймезгіл ғашықтықтың, беймәлім махаббаттың, бейтаныс сағыныштың бейнесі іспетті. Уақыт пердесі екі жаққа түріліп, дүниеге жарық төгілген сәтте бір-бірінен айырылмастай болған адамдардың алып-ұшпа сезімінен ыстық не бар өмірде? Сол сәтте қара тас гүлдегендей, қара аспан шайдай ашылғандай болған шығар. Мағынасыз майдан аяқталып, енді тағдыры түзелер дегенде, өмір жолы тағы да адастырып кетерін кім біліпті!?

Суреттің тағдырына қарап тон пішіп отырмыз. Сіз ой-елегінен өткізіп көріңіз, біз хал-қадерімізше жеткізіп көрейік. 1945 жылы 14 тамызда Жапонияның 124-ші императоры Хирохито жапон қарулы күштерінің сөзсіз берілу туралы әскери-теңіз бұйрығына қол қойды. Бұл ақжолтай хабар ертесіне-ақ бүкіл әлемге радио арқылы тарады. Америка жұрты бөркін аспанға атып қуанды. Көптен күткен мереке қарсаңында әйгілі Таймс-сквер орталық алаңында ерекше фотосурет түсіріледі. Осылайша, Нью-Йорк көшесінде объективке іліккен қос жастың қуанышы соғыстан кейінгі өмірдің жаршысындай символға айналып шыға келеді.
Суретте жас теңізші мен медбикенің сүйісу сәті берілген. Туындының авторы – фотограф Альфред Эйзенштадт. Немістің атақты фотожурналисінің 1930 жылдары атағы асқақтады. Неге дейсіз ғой, бізге белгілі жауыз Гитлер мен Муссолини арасындағы алғашқы кездесуді фотоға түсірген дәл осы кісі еді. Тіпті әлемді немістің сұрқай саясаткері Йозеф Геббельстің де жарқын түрімен таныстырған да сол. Бірақ бәрібір шығармашылық иесі әлдебір себептермен туған жерінен жыраққа кетіп, Америкадан пана іздейді. Сөйтіп, 1935 жылы Life журналына жұмысқа орналасады. Альфредтің таланты – тапқырлығында. Ол кейіпкерлерін білдірмей, сездірмей, тып-тыныш нысанаға алғанды жақсы көреді. Әрі бұл әдісі өте тамаша шығуымен құнды.
Ең қызығы, аталған фотосуретке көпшілік «Таймс-сквердегі өбіс» немесе «Жапонияны жеңу күні» деп айдар тағып, солай атап та кеткен екен. Бірақ фото иесі бұл сөзге келіспейді. Автордың айтуынша, «сөзсіз берілу» болу қажет. Себебі сұлудың жігіт құшағына үнсіз ғана енуі осыны аңғартады.
Фотограф президент Гарри Трумэннің құттықтау сөзінен кейін атақты Таймс-сквер алаңында өтіп жатқан мерекелік шараларды тамашалайды. Қуаныштан жүрегі жарылардай асыр салған халықтың масайраған көңіл күйі оның да жанын елітіп жібереді. Бір сәтте жиырмадан асқан көңілді жас теңізші қасынан өтіп бара жатқан медбикені бас салып сүйе бастайды. Ұзаққа созылған сезім шырмауындағы сәт Альфредтің камераны реттеуіне және фотоның керемет шығуына жол ашқандай.
Оның айтуынша, жауынгер жігіт көше бойымен жүгіріп өтіп, жас шамасына қарамай барлық қыз-келіншектерді құшақтап алған. Ең соңындағы сүйіс және жарық пен қараңғы арасындағы контраст фотографтың назарын бірден аударады. Альфред жастардың әнтек әрекетін әшкерелеуді ойламаған еді, қайта олармен танысуға оқталған. Бірақ екеуі де ұстатпай кетеді, тіпті есімдерін де білмейді.
Тек 1970 жылы Life журналы редакциясына Эдит Шейн есімді әйелден хат келеді. Ол хатты жолдаушы фотосуреттегі қыз өзі екенін ашып айтады. Бірақ қасындағы оны сүйген сері һәм батыл теңізшінің кім екенін анықтай алмайды. Арнайы іздестіру жұмыстарын жүргізгенде, оннан астам ер адам өзі екенін мәлімдепті. Десе де, мұнда бір құпия бар-тын. Қандай дейсіз ғой, медбикені қапсыра құшақтаған теңіз сарбазы қыздың құлағына әлденені айтып сыбырлаған екен. Мұны Эдит Шейн әдейі айтады-мыс. Сол сөздің санасында қатталып қалғанын жасырмайды да. Ақыры, «Мен едім» деп өңмендеген үміткерлердің ешқайсысы не деп айтқанын таба алмайды. Әйтсе де, теңіз сарбазы үндемеген болатын.
Жас теңізшінің жеке басын анықтау мүмкін болмады. Соған ұқсас Карл Мускарелло, Джордж Мендоза және Гленн МакДаффи есімді бұрынғы теңізшілердің есімі белгілі болды. Олардың арасында сараптама жүргізуді талап еткендер де табылды. Негізінде, үш жігіт те сол алаңда бейтаныс медбикелерді сүйгені шын болуы мүмкін. Әрине, ол енді маңызды емес. Бүгінде бұл фотоның тарихы туралы алып-қашпа әңгіме көп. Біз мысалға алып отырған нұсқа соның бірі ғана. Бірақ маңыздысы ол емес.
Кейіннен Таймс-сквер алаңында әйгілі фотосуретте түсірілген сюжетті қайталайтын ескерткіш орнатылды. Ашылу салтанатына қарт әйел Эдит Шейн де қатысады. Ол қасындағы жігіттің кім екенін таба алмағанына өкінеді. Ақыры, ескерткішке айналған медбике 91 жасында дүниеден озады.
Ең ғажабы, фотосурет Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының символы есебінде тарихқа енді. Ол киімдерге басылып, бөлме қабырғаларына безендірілді. Тіпті журналдардың мұқабасына қайта-қайта басылып, мыңдаған тиражбен таралды. Бүгінде жыл сайын тамыз айының ортасында Таймс-сквердегі ескерткіш айналасына жиналған жүздеген жұп аңызға баланған суреттегі сюжетті қайталайды. «Әр дәуірдің өзіне сай әні бар» дегендей, бұл соғыс уағындағы ең бір ғажайып оқиғалардың бірі ретінде тарих қойнауына енді.
Бейтаныс сағыныш – мәңгілік естелік!
Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 00:18
Қоғам • Бүгін, 00:15
Экономиканың өсуіне нақты сектор үлес қосып отыр
Саясат • Бүгін, 00:12
Аймақтар • Бүгін, 00:11
Аймақтар • Бүгін, 00:10
Өзгермелі әлемдегі ынтымақтастық жолы
Саясат • Бүгін, 00:06
Жетінші съездің арқалаған жүгі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Йеменде жағдай тұрақталып келеді
Әлем • Бүгін, 00:02
Электр энергиясынан бас тарту кімге ұтымды?
Әлем • Бүгін, 00:00
Аштыққа ұшырағандар саны арта түсті
Әлем • Кеше
Аймақтар • Кеше
Энергетикалық тапшылық: Дағдарыс пен мүмкіндік
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Журналистика жампозы Омарғали Құдышев туралы бір үзік сыр
Қазақстан • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
Өсу мен өшудің арасы екі-ақ тармақ
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Абай оқулары: Хакім мұрасының жас зерттеушілері
Абай • Кеше
Жергілікті тұлғалар ескерусіз қала бере ме?
Қоғам • Кеше
Көршілермен байланыс артып келеді
Экономика • Кеше
Өнер • Кеше
Әйелін ұрып өлтірген түркістандық 17 жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
«ҚТЖ» филиалының қызметкерлері дизель отынын ұрлаған
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Елордада бірқатар көше уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Алматыда есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды
Оқиға • Кеше
Қаңтар оқиғасында 238 азамат қайтыс болды - Бас прокуратура
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Ұқсас жаңалықтар