Қаржы • 26 Қыркүйек, 2021

Базалық мөлшерлеме неліктен көтерілді?

452 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,5%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойын­ша мөлшерлеме – 8,5% болады.

Базалық мөлшерлеме неліктен көтерілді?

Шешім жаһандық сұраныстың қал­пына келуі шығару мүмкіндіктерінен жо­ғары болған кездегі азық-түлік пен ши­кізат бағасының жалпы әлемдік инфля­ция­лық өсу үрдістерінен туындаған эко­но­микадағы басым проинфляциялық қы­сымға негізделді. Ішкі маусымаралық күт­пеген өзгерістер тұтынушылық сұ­ра­нысты белсенді түрде қалпына кел­ті­ретін сол қысымды, сондай-ақ электр энергиясына, газ бен жанар-жа­ғар­май бағасының өсуін күшейтеді. Нәти­же­сін­де, жылдық инфляция 8,7%-ға де­йін же­делдеді. Инфляция аясы тамызда 8,8%-ды құраған халықтың жоғары ин­фля­циялық күтулерінен де күшейе түсуде.

COVID-19-дың қайта өршуі әлемдегі іскерлік белсенділікті бәсеңдетіп, про­инфляциялық процестерді күшейте отырып, жаһандық жеткізілім мәселелерін ушықтырды. Халықаралық валюта қо­ры­ның болжамдары бойынша, биылғы вак­циналау мен ынталандыру шаралары аясында әлемдік экономика бірте-бірте 2022 жылы баяулай отырып, тез қалпына келуін көрсетеді. Қазақстанның сауда серіктестері болып табылатын ел­дер экономикаларының өсуі бойын­ша халықаралық ұйымдардың болжам­дары ЕО және Ресей бойынша жақсарды, ал Қытай бойынша аздап төмендеді. Жа­һандық инфляциялық қысым азық-түлік өнімдеріне, шикізатқа, металдар мен автомобильдерге бағаның ұлғаюы аясында жоғары деңгейде қалуын жалғастыруда.

Азық-түліктің жоғары әлемдік ба­ға­ларымен инфляциялық үрдіске қо­сы­латын үлес қалыптасады. Бұған – 2021 жылғы тамызда ФАО азық-түлік бағалары индексінің жылдық көрсетуде 32,9%-ға өсуі дәлел. Осының аясында бүкіл әлем бойынша өндірушілер жеткізілімдер мен логистика, шикі­зат және дайын өнімнің жоғары бағала­рының проблемалары туралы хабарлайды. Осылайша, Baltic Dry Index құрғақ жүкті тасымалдау құнының ин­дексіне сәйкес контейнерді жөнелту құны 2019 жылғы желтоқсанмен салыс­тырғанда 3,4 есе, 2020 жылғы мамырмен салыстырғанда 7,4 есе өсті. Осы­ған сәйкес елдердегі инфляцияның жалпы деңгейі монетарлық биліктің нысаналы бағдарынан асып, өсуді жалғастыруда. Мәселен, АҚШ-та 2021 жылғы шілдеде инфляция 13 жыл ішіндегі ең жоғары мәнге – 5,4%-ға, Еуроаймақта – 2021 жыл­ғы тамызда 10 жыл ішіндегі ең жо­ғары мәнге 3%-ға, Ресейде – 2021 жылғы тамызда 5 жыл ішіндегі ең жоғары мәнге – 6,7%-ға жетті. Осыған байланысты әлемнің ірі реттеушілерінің өкілдері ак­тив­терді сатып алу бағдарламасын ерте­рек тоқтатудың мақсатқа лайықтығы туралы мәлімдеп отыр, ал дамушы елдер монетарлық талаптарды күшейту цик­лына кірісті. Бұл ретте, АҚШ ФРЖ мен ЕОБ тарапынан монетарлық ынталандыруларды қысқарту қаржы нарық­тарындағы құбылмалылықтың өсуіне алып келуі мүмкін.

Нәтижесінде, тамызда 11,4%-ға жет­кен азық-түлік инфляциясы баға өсуі­нің негізгі қозғаушы күші болып қала береді. 2021 жылғы сәуірден бас­тап инфляцияның орташа айлық мәні соң­ғы 20 жылдағы орташа мәннен асып тү­седі, бұл жаз айларына тән емес. Жыл­дық азық-түлік инфляциясының қа­зіргі жеделдеуіне көкөністер (26,1%-ға), атап айтқанда ұзақ сақталатын көкө­ністер бағасының күрт өсуі (картоп – 29,7%-ға, сәбіз – 68,2%-ға, қызылша – 124,0%-ға) елеулі үлес қосты. Жаңа егін түскенге дейін ішкі қорлардың сар­қылуы жағдайында бұл өнімдерге баға­ның ай сайынғы өсуі жазғы кезеңге тән емес рекордтық мәндерді көрсетті. Жемшөп дақылдарының қымбаттауы салдарынан өндірушілер бағасының өсуінен туындаған ет және ет өнімдері бағасының өсуі (9,5%-ға) байқалады. Жалпы, әлемдік үрдістен кейін әлемдік нарықтағы ұсыныстың қысқаруынан туындаған өсімдік майына (күнбағыс майы – 66,8%-ға, зәйтүн майы – 9,0%-ға) бағаның жедел өсуі жалғасты.

Азық-түлікке жатпайтын инфляция ЖЖМ бағасының (13,1%-ға), киім-ке­шек пен аяқ киім бағасының (6,5%-ға) өсе түсуі нәтижесінде 2021 жылғы та­мызда 7,3%-ға дейін үдеді. Өзіндік құн­ның өсуі және экономикалық бел­сен­діліктің қал­пына келуі ЖЖМ баға­сының өсу фактор­лары болып табы­лады, ал киім-кешек пен аяқ киім баға­сы импорттық тауарлар баға­сының өсуіне және тұтынушылық сұра­ныстың қал­пына келуіне байланыс­ты өсуде.

Ақылы көрсетілетін қызмет инфля­циясы 2021 жылғы тамызда 6,6% болды. Ақылы көрсетілетін қызмет бағасының өсуі электр энергиясы бағасының өсуі (10,1%-ға) нәтижесінде реттелетін ком­­муналдық қызмет тарифтерінің өсуі­не (6,3%-ға өсті) байланысты. Сер­вис­тік инфляция құрылымында да кө­лік қыз­метінің қымбаттағаны (4,1%-ға), атап айтқанда тұтынушылық сұра­ныстың қалпына келуі аясында әуе көлігі (21,3%-ға) және бірқатар рет­тел­мейтін қызмет бағасының қым­баттағаны байқалады.

Экономикалық белсенділік эконо­ми­­каның көптеген саласының қалпы­на келуі аясында серпінді өсу қарқынын көрсетуде. 2021 жылғы 7 айда ІЖӨ-нің өсімі жылдық көрсеткіш бойынша 2,7% болды. Салалардағы сұраныс­тың қалпына келуі, өндірістік қуат көз­де­рінің жүктемесі мен өндірілген өнім кө­ле­мінің ұлғаюы жалғасуда. Нақ­ты сектор кәсіп­орындарының бірік­ті­рілген бағасын білдіретін композит­тік озыңқы индикатор 2021 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша 100,1-ге дейін көтерілді және Ұлт­тық банктің пікіртеріміне сәйкес 2021 жыл­ғы ІІІ тоқсанда 100,2-ге де­йін өсуін жал­ғастырды. Сұраныстың қал­пына келуі экономиканың өсуіне айтар­лықтай үлес қосуда, оны тұтынушылық кре­диттеудің жедел қарқынымен бір­қалыпты деңгейде болған азық-түлікке жат­пайтын тауарлар саудасының өсуі есебінен 2021 жылғы қаңтар-тамызда 6,1%-ға өскен бөлшек сауда айналымының оң серпіні растайды. Бұл ретте жоғары ішкі сұраныс 2021 жылғы бірінші жартыжылдықта 27,3%-ға өскен тұтынушылық тауар­лар импортының ұлғаюына әсер ете­ді. Халықтың нақты табысының оң сер­піні сұранысқа қолдау көрсетуде. Мы­салы, 2021 жылғы екінші тоқсанда ин­фля­циялық процестердің одан әрі жедел­деуіне қарамастан, нақты кіріс 1,5% бо­лып, өсуін жалғастырды. Дағдарысқа қар­сы шараларды іске асыру шеңберінде 2021 жылы 4,55 трлн тең­геге жеткен Ұлт­тық қордан алынатын трансферттер кө­лемі қосымша про­инфляциялық қысым көрсетуін жал­ғастыруда.

Жалпы, әлемдік мұнай нарығын да­мыту перспективалары өзгеріссіз қал­ды. 2021 жылғы тамыздың қорытын­дысы бойынша Brent сұрыпты мұнай бағасы «Дельта» штамының таралуына және жаһандық экономикалық өсу қарқынының баяулауына байланысты 4,4%-ға төмендеді. АҚШ-тағы мұ­най қо­ры төмендеуді жалғастырды (тө­мен­деу тамызда 13,8 млн баррельді, шіл­­деде 13,1 млн баррельді және мау­сым­да 26,9 млн баррельді құрады), алай­­да өзгерістер қарқыны баяулады. Халықаралық энергетикалық агент­тік­тің жаңартылған болжамдарына сәй­кес 2021 жылы мұнайға сұраныстың өсуі бұрын болжанғаннан төмен болады. Жыл соңына дейін мұнай нарығы салыстырмалы түрде теңдестіріледі деп күтілуде. Бұл ретте 2022 жылдан бас­тап ОПЕК+ елдерінің ай сайын өндіруді тәулігіне 400 мың баррельге ұлғайту және АҚШ-та мұнай өндіруді ұлғайту туралы уағдаластығына байланысты мұнай бағасы түзетуге арналған алғышарттар жасай отырып, мұнай ұсы­нысы сұраныстың өсуінен асып түсетін болады. Осы үрдістерді ескере отырып, базалық сценарий бойынша болжамның басты алғышарты 2021 жылдың қалған айларында және болжамды кезеңнің соңына дейін мұнай бағасы бір баррель үшін 60 доллар болды.

Базалық сценарий бойынша ІЖӨ-нің өсуіндегі болжам 2021 жылдың со­ңына дейін аздаған төмендеу жағына қа­рай қайта қаралды, бұл экономиканың бұрын күтілгеннен біршама баяу қал­пына келуіне байланысты. 2021 жылы Қазақстанның ІЖӨ өсімі 3,5-3,8% дең­гейінде күтілуде. Нақты кірістердің қа­лыпты өсуімен бірқалыпты деңгейде бо­латын, белсенді түрде қалпына кел­тірілетін тұтынушылық сұраныс не­гізгі қозғаушы күшке айналады. ІЖӨ-нің өсуі сыртқы сұраныстың жә­не энергия ресурстарын өндіру көле­мі­нің ұлғаюы салдарынан нақты экспорт­пен де қа­лып­ты деңгейде болады. Өз кезегінде, ішкі тұтынушылық белсенділікті қал­пына келтіру және ин­вестициялық бел­сенділіктің болма­шы өсуі нәтижесінде им­порттың ұлғаюы ІЖӨ-нің өсуіне те­жеуші әсер ететін болады.

2022 жылы экономиканың өсуі 4,1-4,4% деңгейінде болжануда, бұл ал­дың­­­ғы бағалауға қарағанда сәл жо­ға­ры. Экономиканың өсуін жеделде­ту пан­­демияның экономикалық белсен­ді­­лік­ті әлсірететін ықпалымен және ОПЕК+ шек­теулерінің біртіндеп әлсі­реуі нәти­жесінде мұнай мен газ конден­са­тын өн­діру көлемінің ұлғаюымен қатар жү­реді.

Инфляция бойынша базалық бол­жамды жаңарту кезінде ел Прези­ден­тінің тапсырмасы бойынша инфля­ция­ның монетарлық емес факторла­рын тұрақтандыру үшін Үкімет мақұл­даған Инфляцияға қарсы ден қою ша­ра­ларының кешені назарға алынды. Же­дел шаралар қабылдау Үкіметтің ба­ға­лауы бойынша жыл соңына қарай азық-түлік инфляциясын 8%-ға дейін тө­мендетуге мүмкіндік береді. Жылдың соңғы 4 айындағы инфляцияның тарихи серпінін, сондай-ақ Инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенін іске асыру тиімділігінің дәрежесін ескере отырып, 2021 жылы жылдық инфляция 7,5-8,5% шегінде қалыптасады. Базалық сценарийде инфляциялық процестер жыл соңына дейін ағымдағы серпінді сақтайды және жылдың қорытындысы бойынша инфляция болжамды көрсет­кіш аралығының жоғарғы шегіне жуық қалыптасады. Инфляцияны бол­жау аралығының тө­менгі шегі Үкі­меттің Инфляцияға қарсы ден қою шара­ларының кешенін тиімді іске асыруы шең­берінде инфляцияны төмендету әле­уетін ескере отырып ай­қындалған. База­лық мөлшерлеме жө­ніндегі кейінгі ше­шімдер, оның ішін­де инфляцияға қарсы іске асырылған шара­лардың тиім­ділігін бағалау ескеріле отырып қабылданады.

2021 жылғы жоғары база есебінен шығуға байланысты 2022 жылы инфляция 4-6% нысаналы дәліздің жо­ғарғы шегіне қарай бәсеңдей бастайды. Сыртқы инфляциялық қордың же­ңілдеуі және биылғы әлемдік азық-түлік бағасының айтарлықтай өсуі­нен кейін олардың болжамды тө­мен­деуі аясында инфляцияның бәсең­деуі орын алады. Бұл ретте 2022 жы­лы дезинфляциялық процестер көбі­несе биылғы Қазақстандағы дәнді-дақыл­дардан күтілетін жинап алу түсіміне, жаһандық жеткізу тізбегіндегі қалпына келуге және 2022-2023 жылдары ішкі экономиканы фискалдық ынталандыру деңгейіне тәуелді болады.

Ұлттық банк инфляцияға қарсы ша­ра­ларды іске асырудың тиімділігін және АҚШ ФРЖ мен ЕОБ тарапынан моне­тарлық ынталандырудың қыс­қа­ру тәуекелдерін бағалай отырып, дезин­фляциялық ақша-кредит саясатын жүр­гізуді жалғастырады. Бұл шаралар Ақ­ша-кредит саясатының 2030 жылға де­йінгі стратегиясына сәйкес 2022 жы­лы ин­фляцияны 4-6% нысаналы дәлізге тө­мендетуге ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық бан­кінің Ақша-кредит саясаты жө­нін­дегі комитетінің базалық мөлшер­­­ле­ме жөнін­дегі кезекті жоспарлы шеші­­мі 2021 жыл­ғы 25 қазанда Нұр-Сұлтан қала­сы­ның уақыты бойынша сағат 15.00-де жарияланады.