Үкімет • 27 Қыркүйек, 2021

Жаңсақ мәліметтер жарияланған

413 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Factcheck.kz жарияланымында көрсетілген ақпарат толық емес екендігін хабарлайды.

Жаңсақ мәліметтер жарияланған

Қазақстан заңнамасы талаптары­ның сақталуын бақылау шеңберінде м­и­нистр­­лік тұрақты түрде бұқаралық ақпа­­рат құ­рал­дарының, оның ішінде Инте­р­нет желі­сі­нің өнімдеріне мониторинг жүргізеді.

2020 жылдың II жартыжылдығын­да жүргізілген мониторинг барысын­да Google әлеуметтік желісінде 13 838 құ­қық бұзу­шылық фактісі анықталды, атап айт­­қанда, Қазақстан Республикасы заң­на­­ма­сын сақтамаудың төмендегідей не­гіз­­гі түрлері бойынша 105 ескерту хат жолданды:

- терроризм мен экстремизмді насихаттау бойынша 13 643 факті тіркеліп, 37 хат жолданды;

- БАҚ-ты қылмыстық және әкім­шілік құқық бұзушылықтар жасау мақ­сатында пайдалану бойынша 94 құқық бұзушылық тіркеліп, 4 хат жол­данды;

- этносаралық алауыздық тудыратын ақпаратты тарату бойынша                              40 факті тіркеліп, 17 хат жолданды;

- нақты жалған ақпарат тарату бо­йынша 21 құқық бұзушылық тіркеліп, 17 хат жолданды;

- Елбасы және Қазақстан Президенті­нің абы­ройы мен қадір-қасиетіне нұқсан кел­ті­­ретін ақпаратты тарату бойынша 18 факті тіркеліп, 18 хат жолданды;

- бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер ұйымдастыру мен өткізу тәр­тібі туралы Қазақстан заңнамасын бұ­за­­тын ақпаратты тарату бойынша 6 құ­қық бұзушылық тіркеліп, 4 хат жолданды;

- азаматтардың дербес деректерін заңсыз тарату бойынша 3 құқық бұзу­шылық тіркеліп, 3 хат жолданды;

- зұлымдық пен зорлық-зомбылық­ты насихаттау бойынша 2 факті тірке­ліп, 1 хат жолданды;

- баланың денсаулығына, адам­гершілік және рухани дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыру, жеке немесе биометриялық деректерді, кәмелетке толмаған адамның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін басқа ақпаратты тарату бойынша 3 факті тіркеліп, 2 хат жолданды.

Қолданыстағы заңнамада «кибербуллинг» ұғымы әлі көзделмеген, осыған орай кибербуллинг құқық бұзушылық фактілері  бойынша заңнамалық шектеулер жоқ.

Осыған байланысты, министрліктің статистикалық мәліметтерінде «кибербуллинг» фактілері бойынша құқық бұзушылықтар жоқ.

Сонымен қатар Google-дің 2020 жылдың екінші жартыжылдығы туралы есебінде ұсынылған статистикалық мәліметтер қандай принцип бойынша есептелетіні және материалдарды қарау әдістемесі қалай жүргізілетіні белгісіз.

«Қызметтер мен деректердің қолжетім­­ділігі туралы есепті» 2011 жылдан бастап көруге болады, жою сұрау­ларында айтыл­ған мазмұн элемент­терінің жалпы саны – 192 503. Сәйкесінше, 2020 жылдың екінші жартыжылдығында 49 мөлшерінде ұсынылған статистика дұрыс емес.

 

«Егемен-ақпарат»