Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2021

Таразда «Сергек» камералары орнатылып жатыр

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыруға бағытталған заманауи техникалық құралдар орнатылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда «Сергек» камералары орнатылып жатыр

«Биыл Таразда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында «Сергек» кешенінің бейнебақылау камералары орнатылады. Жоба аясында 450 нысанда қоғамдық тәртіпті бақылайтын 1250 камера, жол қозғалысын қадағалайтын 48 камера орнату қарастырылған. Ілкі жобаға сәйкес, бүгінде қаладағы әуежайдан Тұңғыш Президент саябағына дейінгі он нысанда камералар орнатылған. Бұл шараларды 2022 жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр», деді Жамбыл облысы әкімдігінің Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков.

Б.Жәнібеков күре жолдарды сақтап қалу және оларда ауыр жүк таситын көліктердің бақылаусыз қозғалысын болдырмау үшін арнайы қадағалау шаралары ұйымдастырылып, тексеру рейдтері өткізіліп жүргенін атап өтті. Биылғы жылдың басынан бері рейд барысында ауыр жүк таситын 4 608 көлік құралы тексерілген. 943 әкімшілік хаттама толтырылып, 23,2 млн теңге айыппұл салынған, деп атап өтті спикер.