Қоғам • 27 Қыркүйек, 2021

«Қазқұтқару-2021»: Қазақстан жасағы бірінші орын алды

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың 27 қыркүйегінде Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында орналасқан «Жартасты қала-Астана» оқу-жаттығу полигонында «Қазқұтқару-2021» құтқару көпсайысы және әскери-құтқару үшсайысы бойынша жарыстардың қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазқұтқару-2021»: Қазақстан жасағы бірінші орын алды

Жарыстарға Республикалық жедел-құтқару жасағы мен Батыс Қазақстан облысының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Қазақстан Республикасы ТЖМ 28237, 52859, 68303 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері және Өзбекстан, Қырғызстан ТЖМ құтқарушылары қатысты.

Құтқарушылар «Қазқұтқару-2021» құтқару көпсайысы аясында «Техногендік апаттар жағдайында іздеу-құтқару жұмыстары», «Акваториялардағы іздеу-құтқару жұмыстары» және «Табиғи ортадағы іздеу-құтқару жұмыстары» қашықтықтардан өтті. Жарыстардың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық орындар төмендегідей бөлінді: Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылар командасы үшінші орынды иеленді.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының құтқарушылар командасы екінші орынға ие болды. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылар командасы бірінші орынды жеңіп алды.

Әскери-құтқару үшсайыс жарыстарының нәтижесі бойынша 52859 әскери бөлімінің командасы үшінші орынды, 28237 әскери бөлімінің офицерлер командасы екінші орынды, 28237 әскери бөлімінің контракт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшілер командасы бірінші орынды иеленді.

Барлық командалар дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыстарда құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ұйымшылдықты, жоғары кәсібилікті, сондай-ақ жеңіске деген ерік-жігерді көрсетті.