Спорт • 27 Қыркүйек, 2021

Отандасымыз Африкадағы триатлон жарысында топ жарды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зимбабвенің Ньянга қаласында триатлоннан өткен Африка кубогында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аян Бейсенбаев мәре сызығын бірінші болып кесті. Бұл туралы Egemen.kz Қазақстан триатлон федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Отандасымыз Африкадағы триатлон жарысында топ жарды

Ол спринт қашықтығын 1:01:18 уақытта бағындырып, Elite санатында алтын жүлдеге ие болды. Екінші және үшінші орындарды Марокконың спортшылары алды: Джавад Абдельмула (1:01:44) мен Бадр Сиване (1:04:18).

Әйелдер санатында бірінші және екінші орындарды ОАР спортшылары иеленді: Ханна Ньюман (1:13:11) мен Бриджет Теуниссен (1:16:08). Үштікті жергілікті спортшы Гриир Уинн (1:21:59) тұйықтады.