Әлем • 27 Қыркүйек, 2021

Ресейде ұшаққа найзағай түсті

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Краснодар өлкесінде Екатеринбургтен Сочиге ұшып бара жатқан ұшаққа найзағай түсті. Ұшақ Краснодар әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейде ұшаққа найзағай түсті

25 қыркүйекте ZF347 рейсі Екатеринбургтен Сочиге жолаушыларды жеткізуі керек еді. Бірақ найзағайға байланысты курорттағы әуежай ұшақ қабылдауды уақытша тоқтатқан. Ұшақ екінші рет айналған кезде, әуе кемесіне найзағай түскен.

Рейс жолаушылары найзағай түскен сәтте бортта болған жағдайды видеоға түсіріп алған. Олар «ұмытылмас» әсері туралы айтты.

«Жанымдағы әйел шоқына бастады. Мен де қорыққанымнан дұғаларды есіме түсірдім. Найзағай соққанда мен бұрылып қалдым. Жақын жерде бір жігіт отырған, оның көзін көрсеңіз. Бұл өмірбақи есімнен шықпайды», деді басылымға жолаушылардың бірі.

Е1 басылымына сұхбат берушілердің айтуынша, ұшақ сұр бұлттар арасынан өтіп бара жатқанда, оған найзағай түскен.

«Найзағай анық көрінді және жарқыл естілді. Адамдар қорқып кетті, кейбіреулер қозғалтқышқа бірдеңе болды деп ойлады. Содан кейін өте қатты құлдырай бастадық, құлап бара жатқанымызды сездік», деп бөлісті жолаушы Анастасия.

Оның айтуынша, белдікті дұрыс тақпағандар орнынан секіре бастаған, бөтелкедегі су мен стакандар құлаған.