Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, бүгінде елімізде 128 жоғары оқу орны жұмыс істейді, олардың 67-сі заңгерлер даярлайды. Соңғы 5 жылда заңгерлерді даярлауға 1 480 грант бөлінді және 124 мыңнан астам заңгер бітіріп шықты.
Сенаттың салалық комитетінің төрағасы Владимир Волков өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында білім беру сапасын арттыруға ерекше назар аударылғанын атап өтті.
Отырысқа қатысушылар, олардың ішінде Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарының өкілдері саладан тыс жоғары оқу орындарында заң факультеттерін ашу және жаппай дипломды алу заң кадрларының кәсіптік білімінің сапалық деңгейін төмендететінін атап өтті. Сонымен қатар профессорлық-оқытушылық құрамның тапшылығы да байқалып отыр.
Владимир Волков сөзін қорытындылай келіп, білім беру жүйесі әрқашан еліміз Президентінің ерекше бақылауында екенін атап өтті.
«Комитет барлық мүдделі тарапты шақыра отырып Сенат қабырғасында комитет отырысын өткізуді жоспарлап отыр. Оның нәтижесі 2022 жылдың 1 тоқсанында Үкімет сағатын өткізу болады», деді В.Волков.
Сенаторлар сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындарындағы, атап айтқанда, М.С.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дегі заңгерлік білім беру деңгейімен танысты.