Коронавирус • 28 Қыркүйек, 2021

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 42 адам қайтыс болды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 42 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 42 адам қайтыс болды

Оның 35-і КВИ инфекциясынан, 7-і пневмониядан қайтыс болған.

28 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 62 662 адам коронавирус инфекциясынан (–53 945 + және 8 717 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 849 пациент стационарда, 51 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 868 адамның жағдайы ауыр,
  • 218 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 139 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.