Келесі айдан мүгедек адамдар жаңа жәрдемақы ала бастайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2019 жылы Үкімет қаулысымен мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар қабылданды. Ұлттық жоспар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің, жұртшылықтың қатысуымен әзірленді және 7 бағытты қамтиды, 64 іс-шарадан тұрады, оны 7 (жеті) орталық мемлекеттік орган іске асырады.
Ұлттық Жоспарды іске асыру үшін Еңбек министрлігі мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіруде», деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, соңғы екі жылда осы бағытта 1 Кодекске, 2 Заңға, Президенттің 1 Жарлығына, Үкіметтің 2 қаулысына, Ұлттық банк басқармасының 1 қаулысына, министрліктердің 12 бұйрығына өзгерістер енгізу және әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді.
«Өткен бейсенбі, 23 қыркүйекте Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қаралып, мақұлданды. Жақын арада заң Мемлекет басшысына енгізіледі, іс жүзінде жуырда оның қабылдануын күтеміз. Заң жобасы бойынша жұмыс 2019 жылы басталған болатын», деді вице-министр.
Вице-министрдің дерегінше, заңда 19 түбегейлі түзету қамтылған және 16 заңнамалық актіге өзгертулер енгізуді көздейді.
«Заң нормаларын жүзеге асыру үшін осы және келесі жылға 55 млрд теңге бөлінді. Келесі айдан бастап мүгедек адамдар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылары жаңа жәрдемақы ала бастайды әрі жаңашылдықты сезінеді», деді Ерлан Әукенов.
Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Семейде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:00
Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептері аталды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерін құттықтады
Үкімет • Бүгін, 10:39
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 10:35
Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 10:27
Өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген
Қоғам • Бүгін, 09:55
Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 09:38
Маймыл шешегі 50 елде анықталды - ДДҰ
Әлем • Бүгін, 09:25
Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:18
Неапольда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 09:05
Халықаралық стартап байқауында үздік шықты
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:35
Қазақстан • Бүгін, 08:33
Мүлікті цифрлы қолтаңбасыз тіркейді
Қоғам • Бүгін, 08:30
Электронды бақташының ерекшелігі
Аймақтар • Бүгін, 08:25
БАҚ-тан бата алған баспасөз хатшысы
Қоғам • Бүгін, 08:15
Сурдлимпиада: Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады
Спорт • Бүгін, 08:10
Президент БАҚ қызметкерлерін құттықтады
Президент • Бүгін, 08:05
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Жаңа Қазақстан» – арнайы жүлде
Саясат • Кеше
Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады
Спорт • Кеше
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Технология • Кеше
Құмар ойынға құныққандар елімізде 350 мыңнан асады
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар