Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2021

Балаларға арналған «Ұлы даланың аңыздары» жарыққа шықты

648 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Ұлы даланың аңыздары» комикстер топтамасының тұсаукесерін өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Балаларға арналған «Ұлы даланың аңыздары» жарыққа шықты

«Ұлы даланың аңыздары» комикстер топтамасына «Еңлік-Кебек», «Естай-Қорлан», «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Жұмбақтас», «Айша бибі», «Шайтанкөл», «Балқаш» туындылары енген.

«Жоба Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында қолға алынған. Бұл жолғы топтамаға қазақ даласындағы жеті лиро-эпостық жыр мен батырлар туралы аңызды өзек етіп алдық. Мақсатымыз – қазақтың төл фольклорын жас буынға заманауи тәсілдермен меңгерту. Мысалы, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» эпосының 89 бетке созылатын нұсқасы бар. Оны қазіргі балалар оқып отырмайтыны түсінікті. Соны біздің жас ақын-жазушылар қысқаша мазмұндап, ең негізі тұстарынан диалогтар құрап, комикске икемдеп жазып шығады. Суретшілер соның желісімен комикс салады. Әзірге комикс сценариін Досқан Жылқыбаев деген жігіт жазып жүр. Ал суреттерін әуелді Мұрат Ділманов салып бастаған. Қазір оған екі жас суретші қосылды», дейді Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев.

Сондай-ақ ол бір ертегінің комиксі бірден үш тілде берілгенін айтты. Сонымен қатар «Ұлы дала хандары» және «Ұлы даланың арулары» деген топтамалар жоспарда бар екен. Онда Томирис пен Заринадан бастап Әлия, Мәншүктерге дейінгі тұлғалар қамтылады.

Комикстің электронды нұсқасы арнайы сайтта тегін ұсынылады. Ал үш тілдегі жинақ сатылымға шығады.