Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2021

Министрдің қатысуымен вебинар өтті

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Білу құқығы – ақпаратқа қол жеткізу арқылы адамдардың өмірін жақсарту» тақырыбында Түркістан облысы мемлекеттік органдарының ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғаларға арналған қазақ тіліндегі вебинардың жұмысы өтті.

Министрдің қатысуымен вебинар өтті

РоШараны 28 қыркүйектегі Халықаралық ақпаратқа жалпыға бірдей қол жеткізу күніне орай министрліктің қолдауымен Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросы ұйымдастырды.

«Ақпаратқа қол жеткізу мәселесі – біздің күнделікті өміріміздің қай саласында да басты қажеттілік. Оның маңызы әсіресе осы пандемия кезінде айқын біліне түсті. Сондықтан басты мақсатымыз – өзекті тақырыптарды дер кезінде анықтап, қоғамды толыққанды ақпаратпен қамтамасыз ету», деді Аида Балаева.

 

Вебинар «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін оқытуға бағытталған.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың соңында «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға енгізілген жаңалықтарға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалар (бөлімшелер) анықталды.

Аида Балаева: «Әрине, бұл салаға жауапты қызметкерді заңмен бекіту – бірінші қадам ғана. Бұл бағыттағы жұмыстың жүйелі де сапалы жүруі үшін – оларды тұрақты оқытып, біліктілік деңгейін үнемі жетілдіріп отыру қажет».

Анықтамалық:

Бұл екінші рет өткізілген вебинар. Бұған дейін, 2020 жылдың қараша айында бірінші вебинар Нұр-Сұлтан қаласында өткізілді.

Вебинар материалдары келесі сілтеме бойынша қолжетімді: http://en.unesco.kz/second-webinar-on-access-to-information-for-kazakhstan-state-bodies