Әлемде ағайынгершілікті, туыстықты қатаң сақтай отырып, ұлт тұтастығы мен қоғам бірлігін реттеп келген жұрттың бірі − қазақ халқы. Мысалы, бабаларымыздан жеткен «Абысын тату болса ас көп...» немесе «Ағайынның азары болса да, безері жоқ» дейтін құнды тәмсілдер ұлтымыздың ағайынгершілік болмысынан хабар берсе, мұсылман үмбетінің пайғамбары Мұхаммед: «Кім ризық-несібесі көбейіп және ғұмырының ұзақ болуын қаласа, ағайынгершілік қарым-қатынасын күшейтіп, туған-туысына қарайлассын» дейтін аса құнды өсиет қалдырғаны бекер емес.

Атам қазақтың туыс-туған, аға-бауыр, құда-құдағи, нағашы-жиен, жезде-жеңге, немере-шөбере, жегжат-туажат секілді ағайынгершілікті білдіретін атаулары туысқандық қатынасты нығайтып, береке-бірлікті арттыруға негізделген қадірлі ұғымдар. Яғни бұл атаулар біздің қазақты ағайынгершілік атты ұстынға байлап тұрған темірқазық. Осы ұғымдар арқылы халқымыз бірін-бірі таныған, қадір тұтқан, сонымен қатар ағайынгершілік, туыстық қатынастарын реттеп, жеке тұлғаның қоғамдағы орнын белгілей алған. Тіптен бұл жүйе – бір-бірін тани бермейтін былайғы жұрт өзара ағайынгершілік қатынасын жаңғыртуға, екі қазақ бір-бірін туыс-бауыр етуіне жол ашатын аса қасиетті даңғыл.
Бірде халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырзалиев Қостанай өлкесіндегі Күнтимес деген ауылға ат басын бұрады. Бұл ауыл – оқымысты Шоқан Уәлихановтың балалық шағы өткен әрі үлкен ғалым осында әкесі ашқан қыр мектебінде хат таныған жер. Содан бір қариялар келіп Қадыр ағадан «Қай елдің азаматысың?» деп сұрайды. Қадағаң:
– Батыстың байбақтысымын, – дейді. Шалдар жамырап жүре береді.
– Ой, құда екенсіз, үйге жүр мал соямыз. Қадағаң аң-таң. «Мен сіздерге қалай құда болам?» десе, шалдар:
– Жастар білмейді ғой, атақты Сырым батырдың әпкесі ертеде 1743-жылдары біз жаққа келін болып келді емес пе, сен құда болмай кім боласың, бабаларымыз «құда мың жылдық» деп бекер айтты дейсің бе, қарағым?! – депті.
Сол сияқты қазақтың біртуар ұлы Ақселеу Сейдімбек 1995 жылы жарық көрген «Көшпелілер тарихы» атты еңбегінің 108-ші бетінде: «Қазақ халқының ағайынгершілік дәстүрі осыдан мыңдаған жыл бұрын тарихтың еншісіне айналған құнды дүниесі. Оны алғашқы қауымдық құрылыстың наным-сеніміне теліп, ескі үрдістің қалдығы десек, онда көшпелілер қоғамының ең бір мәнді тетігін тани алмаған болар едік», деп жазса, Ресей империясының қазақ даласына жіберген елшісі А.Тевкелев 1731 жылы 27 қаңтарда Ресей Сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақ халқының ең жақсы қасиеті ретінде үлкенді сыйлау, кісі ақысын жемеу, бауырмалдық, ағайынгершілік үрдісін атап өткен екен.
Осы орайда мына бір дерекке де назар аударған жөн сияқты. Ресейлік зерттеуші Виктор фон Герн осыдан бір жарым ғасыр бұрын жазып қалдырған еңбегінде: «Қазақтар табиғи қайырымды ақкөңілдігімен және қонақжайлылық қасиетімен ерекше халық. Әсіресе, бір-біріне деген ағайынгершілік бауырмалдығы олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиеті» дей отырып, «мұндай қасиетке ие халық жер бетінен жойылып кетуі мүмкін емес», деген ой түйеді.
Демек, қазақ халқын сан ғасырлық қиындықтан, басы бодандыққа байланған ауыр жылдардан аман алып шығып, бүгінгі азаттыққа жеткізген көзге көрінбейтін рухани қуаты осы – ағайынгершілігі, туысқа деген жылы қатынасы мен жұмсақ жүрегі. Өйткені сен досты, әріптесті, қызметтесті таңдай аласың. Ал ата-ана, ағайын-туысты таңдай алмайсың. Бұлар саған берген тәңірдің сыйы һәм тағдырдың бұйрығы. Егер ағайының нашар болса, ол – тәңірінің сынағы. Сол нашар ағайынға қарайласып, шамаң жетсе аузын аққа тигізу – тағдыр бұйырған міндетің. Қазіргі қазақ қоғамындағы үлкен қателік – осы бір рухани сынақты түсінбейді. Ағайынгершілік дегеніміз – асыл қасиет екенін, шындығын айтқанда, ұлт пен ұлысты сақтаудың ең негізгі рухани алғышарты екенінен жұрт хабарсыз.
Дана бабамыз Абай айтқандай: «Жорғалықпенен көңілін алсам екен деген надан бейбақ, әке-шешесін, ағайын-жұртын, адамшылығын жауырынынан бір қаққанға сататын» (22-ші қарасөз) келеңсіз құбылыс қалыптасты. Біле, білсеңіз қазіргі пандемияны жеңудің, індеттен құтылудың жолы осы ағайынгершілікте. Үлкен қаламгер Әбіш Кекілбай айтқандай, «бір-біріне қайырымды, ағайынгершілікті ту еткен қауымға ғана тәңірдің өзі көмектеседі».
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Шабандоз тақым қысып оқитын жыр
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Энергетика министрлігі бензин бағасын өсіруді ұсынды
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді
Аймақтар • Кеше
Ертең еліміздің бірнеше өңірінде 38-41 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Кеше
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Кеше
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Кеше
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Кеше
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Кеше
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • 25 Маусым, 2022
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • 25 Маусым, 2022
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • 25 Маусым, 2022
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • 25 Маусым, 2022
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • 25 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар