Теннис • 30 Қыркүйек, 2021

Путинцева жеңіске жетті

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан WTA 250 Astana Open турнирінің қазір нағыз қызған шағы. Жарыстың үшінші күні екінші кезеңдегі ойындарды тамашаладық. Жергілікті жанкүйерлердің назары еліміздің танымал теннисшісі Юлия Путинцеваға ауды, деп жазады Egemen.kz.

Путинцева жеңіске жетті

Грузиялық Екатерина Горгодзені ойсырата ұтқан Юлия Путинцева екінші айналымда беларуссиялық Вера Лапкомен кездеседі. Кезінде «ТОП-60» ойыншының қатарында болған Минскінің тумасы соңғы кездері жиі сүрініп жүр. Бүгінгі таңда ол 408-сатыда. Көпшілік жорамалдағандай бұл бәсекеде Путинцева 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді жерлесіміз Анастасия Гасановамен кездеседі.

Жарыстың үшінші күні өткен өзге бәсекелерде мынадай нәтижелер тіркелді: Кристина Младенович (Франция) – Анастасия Потапова (Ресей) 6:1, 4:6, 3:6; Клара Бюрель (Франция) – Жаклин Кристиан (Румыния) 6:7, 6:1, 6:2; Александра Крунич (Сербия) – Кая Юван (Словения) 6:4, 6:3, Варвара Грачева (Ресей) – Леся Цуренко (Украина) 6:2, 6:4; Анна-Лена Фридзам (Германия) – Элисон Ван Эйтбанк (Бельгия) 4:6, 6:3, 4:6 және Анастасия Гасанова (Ресей) – Ана Конюх (Хорватия) 2:6, 7:6, 6:2