«Сағат 00.34-те 19 жастағы Toyota Camry жүргізушісі Есіл өзенінен Сарайшық көшесіне қарай өтетін көпірдің бойымен қатты жылдамдықпен жүріп, рульді басқара алмай қалған. Салдарынан қарсы жолаққа шығып кетіп, Nexıa Ravon автокөлігімен соғылысқан», деп хабарлады елорданың Полиция департементі.
Жол апатынан екі жүргізуші мен үш жолаушы қайтыс болған. 1 жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада.