Коронавирус • 30 Қыркүйек, 2021

Қазақстанға келген авиажолаушылардан КВИ анықталмады

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 29 қыркүйегінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанға келген авиажолаушылардан КВИ анықталмады

2021 жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Грузия, Түркия, Египет, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Латвия, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 34 халықаралық әуе рейсі қонды.

Өткен тәулікте 4 547 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 724 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 879 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 95 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына - 3 рейс, 344 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына - 2 рейс, 188 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына - 2 рейс, 243 жолаушы;

Орал қаласының әуежайына - 1 рейс, 74 жолаушы;

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.